RU

Екатерина Ларионованың анасы: Қызымның жүлде алатынына сендім

Қызымыз Екатерина Ларионованың Рио Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, жүлде алатынына сендім. Бұл туралы Орал қаласында тұратын олимпиада жүлдегерінің анасы Наталья Ларионова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қызының осындай табысқа жетуіне әкесі, кішкентай күнінен күрес өнеріне баулып келе жатқан Алексейдің қосқан үлесі өлшеусіз.

«Әкесі елде қалса да, екі апта бойы тыным тапқан жоқ. Екатеринаның барлық қарсыластарының қарымын саралап, қызына ақылын айтты. Катя осының алдындағы жарыстардың бірінде миы шайқалып, жарақат алған еді. Абырой болғанда, дәрігерлер емдеп, қатарға қосты. Екі-күш бұрын сөйлескенімде, «бәрі жақсы», деді. Қола жүлдегер атанғаннан кейін қуанышта шек болған жоқ. Катяның өзі де: «Алға, Қазақстан! Әке, мен сені жақсы көремін!» деп жатты», - деді Наталья Ларионова.

Еске сала кетейік, оралдық палуан, 22 жасар Ларионова 63 келі салмақта Рио олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225789-ekaterina-larionovanynh-anasy-qyzymn.html