RU

Ерке Есмаханның үстінен тастамайтын сүйікті киім үлгілері

Танымал әнші Ерке Есмахан тек әншілігімен ғана емес, киім киісі жөнінен айрықша талғамымен белгілі деп хабарлайды NUR.KZ.

Әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандар оның жаңа суреттерін жіті бақылап, оның киген киіміне баса назар аударады. Ел назарында жүрген соң, әнші барынша талғаммен киінуге тырысады. Бүгін оқырмандардың назарына Ерке Есмахан үстінен тастамайтын киім үлгілерін ұсынамыз.

Қысқа, түрлі түсті көйлектер

Ерке Есмаханның тыңдармандары оның көздің жауын алатын түрлі түсті көйлектерді жақсы көретінін бұрыннан біледі. Себебі, әнші мұндай үлгідегі көйлектерді сахнаға Төреғалимен бірге  «Алло» әнін айтқанда жиі киіп шығады. Оның парақшасынан мұндай көйлектердің түр түрін кезіктіруге болады.

Кардиган

Ерке Есмахан киімдердің ішінен ерекше көп таңдайтыны ол – кардиган. Ұзыны, қысқасы, жұқасы, қалыңы – Еркеде кардиганның түр-түрі бар.

Қалпақ

Белгілі әнші жауыннан қорықпайды. Себебі, оның бір басында қалпақтың бірнешеуі бар. Оны ол түрлі киімдерінің түсімен, үлгісімен үйлестіре отырып киеді. Әлбетте, қыста киетіні, жазда киетіні және жағажайға киетіндерінің өзі неге татиды?

Спорттық үлгідегі киімдер

Ерке Есмаханның желідегі парақшасын бақылап отыратын оқырмандар Еркенің үйде де, түзде де спорттық киім киіп жүретінін жақсы біледі. Әрине, мұндай  киім гастрольдерге жиі шығып, қаладан қалаға сапарлап жүретін әншілер үшін таптырмас киім. Себебі, ол – ыңғайлы. Бірақ, Еркенің спорттық костюмдері сәнді әрі ерекше.

Аң терісінен жасалған киімдер

Сырт киімдердің ішіндегі бағалысы – аң терісінен жасалған тондар, жеңі жоқ пенжектер. Оның бағасы өте қымбат. Бірақ, Еркенің суреттеріне қарап, оның аң терісінен жасалған бұйымдарының көптігі еріксіз назар аудартады. Түрлісі де, түстісі де Еркенің гардеробында сықап тұрған сыңайлы. Енді, мұны біз емес, оның суреттері айтып тұр.

Кроссовки

Еркенің сүйікті аяқ-киімі New Balans кроссовкилері. Себебі ол бұл брендті аяқ-киімдерін аяғынан тастамайды. Сәнді, ыңғайлы, кез-келген киіммен үйлестіруге болады.

«Тамшы тәріздес» күн көзінен қорғайтын көзілдіріктер

Ерке күнге арналған көзілдіріктердің осы түрін таңдайды. Олар әнші қызға жарасымды әрі сәннен де  жақын арада кете қоймасы анық.

Айрықша аяқ-киімдер

Еркенің ерекше аяқ-киімдері көзге бірден түседі. Көгі, қарасы, қызыл аласы, домалақ түйіншектері бар аяқ-киім түрлерін Мәдина Сәдуақасова немесе басқа бір әншінің кигенін елестету қиын.

Бірақ Ерке өзінің еркелігін үнемі осылай көрсетіп қояды. «Ерке қыздың» образын жасап беретін аяқ-киімдерді Ерке гастрольдік сапарларында жиі киеді.

Тоқылған киімдер

Тоқылған, әсіресе қазір кезде сәнді саналатын ірі жіптермен тоқылған жемпірлер де Еркенің гардеробында жиі ұшырасады.

Тар балақты шалбарлар

Еркенің тар балақты шалбарларды жиі киетінін де көріп жүрміз. Ол оны басқа шалбарлардан көбірек киеді. Дәлірек айтсақ, үстінен тастамайды.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225865-erke-esmakhannynh-ustinen-tastamaytyn.html