RU

Қайрат Нұртас белгісіз бойжеткенді туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас белгісіз бойжеткенді туған күнімен құттықтап, ерекше құттықтауын ән арқылы жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өз парақшасына кезекті видеосын жүктеп, онда Дамиля есімді бойжеткенге арнап "Бүгін сенің туған күнің" атты әнін салып берді.

"Дәмиляжан, туған күнің құтты болсын! Ата-анаңа ұзақ ғұмыр тілеймін! Биіктен көріне бер. Қайрат Нұртас ағаңнан сәлем", – деді оған Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары «анау-мынау емес, Қайрат Нұртастың өзі құттықтап жатқан» қыздың оған қандай қатысы барын біле алмай дал болды.

Он алты жасқа толған Дәмиля есімді қыздың туған күні Қайраттың құттықтауымен әрлене түскені анық. Оқырмандар  Қайраттан өздері білетін туған күн иелерінің есімін атап, соларға осы әнді салып беруді өтінді.

Естеріңізге салсақ, Қайрат Нұртас еліміздің көрікті жерлерінің бірі Бурабайға барып, ата-анасымен бірге демалған еді. Желі қолданушылары оның отандық туризмге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, ризашылықтарын білдірген еді.

Тағы оқыңыздар:

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Шымкенттік тұрғын төрт немересінің сүндет тойында ту көтеріп, Әнұран шырқатты

ОҚО-да өмірден түңілген әйелдердің өзіне қол салуы жиілеп кеткен

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225949-belgisiz-boyzhetkendi-erekshe-quttyqt.html