RU

Қазақ боксшылары Олимпиададағы жалпы есепте Өзбекстаннан озып кетті

Бокстан Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының жалпы есебінде бірінші орынға шықты.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлады.

Кеше Әділбек Ниязымбетов күміс медаль алған соң, Қазақстан жалпы есепте көш бастап тұрған Өзбекстаннан озып кетті. Біздің боксшылардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс медаль бар.

Ал екінші орындағы Өзбекстан құрамасы әзірге  1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Үшінші Куба, төртінші Ресей, бесінші Бразилия құрамалары орналасқан.

Олимпиададағы бокс бәсекесі әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, бұл тізім әлі өзгеруі мүмкін.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226015-qazaq-boksshylary-olimpiadadaghy-zhalp.html