RU

Жанболат Беделханның қалыңдығы тойдағы әдепсіздігі үшін сынның астында қалды (фото, видео)

"Орда" тобының мүшесі Жанболат Беделхан отбасын құрып, тойды 90-жылдардың үлгісімен жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Орда" тобының мүшелері Беделхановтардың отбасында қуанышты жаңалық. Ерболат пен Есболаттың үлкен ағалары Жанболат Беделхан шаңырақ көтерді.

Ағайындылар қоғамды өзіндік ән айту стилімен, киіну үлгісімен, батыс үлгісіндегі билерімен қоғамда түрлі пікір тудырып, үнемі аты шығатыны белгілі. Олар осы жолы тағы да жұртты таң қалдырды.

Біріншіден, олар тойды ерекше етіп – 90-жылдардағы той үлгісімен жасауды ұйғарған. Екіншіден, Gakku.tv музыкалық арнасының Instagram желісіне салған тойдан үзінді видеодан қолданушылар қалыңдықтың үлкен кісіні қолымен итеріп жібергенін байқап қалған.

Олар мұны желіде қызу талқыға салып, қалыңдықтың бұл әрекетін әдепсіздікке балады.

«Шынымен итеріп кетті. Жəй ғана қолы тиген жоқ. Кəдімгі «əрі тұршы» дегендей итерді», «Итергені көрініп тұр ғой, көзі соқыр да көретін шығар», «Үлкенді итергені несі?», - деп жазды олар.

Қолданушылардың арасында қалыңдықты жақтап, оның әдейі итермегенін айтқандар да баршылық.

«Ешкім ешкімді итерген жоқ, аяғым тиіп кетпесін деп, жолдан тұруын өтінді», «Қолымен итерген жоқ, аяғым тиіп кетпесін деген ниетпен қолын созды. Қазір сол жерде қолын созбаса, аяғы тисе, тағы шығар едіңдер теуіп кетті деп», - деді олар.

Өзге қолданушылар екі жасқа бақыт тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Шымкенттік тұрғын төрт немересінің сүндет тойында ту көтеріп, Әнұран шырқатты

ОҚО-да өмірден түңілген әйелдердің өзіне қол салуы жиілеп кеткен

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226099-zhanbolat-bedelkhannynh-qalynhdyghy-toyd.html