RU

Қалтаңыздағы ақшаның зиян екенін білесіз бе?

Естімеген елде көп. Күнделікті қалтамызда жүретін қағаз ақшаның пайдасымен бірге зияны да көп екен деп жазады ozgepikir.kz.

Бірақ зиян екен деп ешқайсымыз ақшадан бас тартпасымыз анық. Дегенмен, сақтық үшін мұны да біле жүрген артық болмас.

Қағаз ақшаға жасалған қызықты зерттеуді бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізіп, онда қандай зиянды микробтар болатынын анықтаған. Мәселен, Еуропа елдерінің банкноттарында орта есеппен 26 мың бактерия өмір сүреді екен.

Олардың ішінде «экологиялық таза» деп еуро (11 000), норвегиялық крона (11 700) мен британдық фунт стерлинг (18 000) танылды. Бұл қағаз ақшаларда басқаларына қарағанда бактериялар аз.

Себебі аталған банкноттарды шығарар кезде микробтарға қарсы арнайы затпен тазалайтын көрінеді. Ал АҚШ долларының 90 пайызында бұл бактериялармен қатар кокаин бөлшектері де болатыны анықталды.

Микробиологтардың айтуынша, қағаз ақшада ішек таяқшалары, сүзек, туберкулез бен тері ауруларын тудыратын бактериялар бар. Сондықтан ақша ұстаған қолыңызды міндетті түрде сабындап жуыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Шымкенттік тұрғын төрт немересінің сүндет тойында ту көтеріп, Әнұран шырқатты

ОҚО-да өмірден түңілген әйелдердің өзіне қол салуы жиілеп кеткен

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226137-qaltanhyzdaghy-aqshanynh-ziyan-ekenin-bil.html