RU

Усейн Болт: Осы Олимпиададан соң Мұхаммед Әлимен теңесетін шығармын

Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы атанған ямайкалық желаяқ Усейн Болт Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы жеңісінен соң, жүгіру кезінде біраз қиналғанын айтты.

Бұл туралы «Матч ТВ» хабарлады деп жазады Қазақпарат.

«Әлемге өзімнің мықты екенімді дәлелдеуім үшін тағы не істеу керек? Мұхаммед Әли, Пеле сияқты ең ұлылардың қатарында болғым келеді. Осы Олимпиададан кейін сол қатарға қосылатын шығармын. Бұл жолы жүгіргенде қатты қиналдым. Өз денем өзіме бағынған жоқ. Қартайып келемін. Бұл менің соңғы Олимпиадам ба? Солай болса екен деп тілеймін», - деді Болт.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ боксшылары Олимпиададағы жалпы есепте Өзбекстаннан озып кетті

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226162-useyn-bolt-ozininh-qartayyp-bara-zhatqa.html