RU

Үнді әйелі қызын жыланға күйеуге берді

Үнді елінің Чхаттисгарх штатында орын алған бұл оқиға естіген жанның есін шығарып, жағасын ұстатып отыр деп хабарлайды Muslim.kz.

Каскела ауылында тұратын 58 жастағы Сапан Сиджха есімді әйел қызын кәдімгі жыланға күйеуге берген. Оның айтуынша, әйелдің күйеу баласы Ичха Наг (индуизм сенімі бойынша ара-тұра адам бейнесіне енетін жылан) көрінеді.

Сапан мен қызы Анитаның айтулары бойынша, оған түсінде әлгі жылан келіп, «Наглок жылан әлеміне еріп жүруін» бұйырған екен. Ол жерде қыз екеуінің некелесетінін айтқан.

Болған оқиғаны естіген жергілікті тұрғындар Сапан Сиджханың үйіне қарай ағылған. Дүйім жұртты дүрліктірген «жылан жігіттің енесі» жұрт көзінше қызының маңдайына қызыл бояу жағып, синдур рәсімін өткізіп те жіберген екен.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226362-undi-ayeli-qyzyn-zhylangha-kuyeuge-berd.html