RU

Ұзақ жылдан бері зорлық көрген франциялық әйел күйеуінің жыныс мүшесін өртеп жіберді

Француз әйелі күйеуіне медициналық препарат беріп, кейіннен оның жыныс мүшесін  аэрозольді баллонның көмегімен өртеп жіберген.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Ол әлі есін жиған жоқ деп жазады Stan.kz.

Франция құқық қорғау органдары 51-жастағы Монпалье қаласының азаматшасын тұтқындады. Әйел бұрынғы күйеуіне препарат беріп, ұйықтатып, кек қайтару үшін оның жыныс мүшесін өртеген. Айтуынша, күйеуі оны талай жылдан бері зорлап келген.

Оқыс оқиға өткен жексенбіде орын алғанымен, БАҚ құралдары ол туралы тек сәрсенбіде біліп отыр.

Бұрыңғы ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың астында тұрған. Қазіргі таңда еркектің өмірі қыл үстінде.

Тергеу барысында азаматша ұзақ жылдан бері зорлық көріп келгендігін айтқан. Өзінің қылмыстық әрекетін әйел «кек қайтарумен» түсіндірді.

Тергеушілер әйелдің әңгімесін жүйелі деп қабылдағанымен, оны психиатриялық сараптамаға жіберді.

Кек қайтарушы жәбір көрсету арқылы адам өміріне қастандық жасағаны үшін айыпталып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226383-uzaq-zhyldan-beri-zorlyq-korgen-franci.html