RU

Рио Олимпиадасындағы ең сымбатты жігіттер

Олимиада ойындары – спорттағы маңызды сәттер. Алайда, барлығының бірдей спортқа қызығушылығы бола бермейді. Дегенмен Stan.kz назарларыңызға ұсынып отырған мына 15 спортшы көрген адамның спортқа деген қызығушылығын оятуы мүмкін.

1. Нин Цзэтао (Ning Zetao) — қытайлық суда жүзуші

2015 жылғы 100 метрге суда жүзуден әлем чемпионы, Азия ойындарының 4 дүркін жеңімпазы. Ол 2015 жылы чемпионатта алтын медаль еншілеген алғашқы азиаттық.

2. Томас Дэйли (Tom Daley) ― британдық суға секіруші

Том 10 метр биіктіктен суға секіруші. Ол Еуропа чемпионатының ең жас жеңімпазы. Ол 2012, 2016 жылы Олимпиада ойындарында қола медальді жеңіп алған. Ол колледжде суретке түсірумен айналысқан.

3. Камиль Лакур (Camille Lacourt) ― франциялық жүзуші

Камиль – төрт дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы. 2008 жылғы Франция аруына үйленген. Жұбайымен 4 жасар қызын тәрбиелеп отыр.

4. Федерико Грабич (Federico Grabich) ― аргентиналық жүзуші

2010 жылы Оңтүстікамерика ойындарында 4 медаль, 2015 жылы Торонтода өткен Панамерикалық ойындарда алтын медальді жеңіп алды.

5. Чад ле Кло (Chad le Clos) ― оңтүстікамерикалық жүзуші

2012 жылғы Олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада Чад алтын медаль олжалаған. Бұл жолы ол күміс медальді ұтты.

6. Пита Тауфатофуа (Pita Taufatofua) ― тхэквондошы, Тонга

Тонга атынан Олимпиадаға тхэквондодан келген алғашқы қатысушы. Ол бұл спорт түрімен 5 жасынан бастап айналысқан. 18 жасынан бастап модель болды. Оның спорттан бөлек инженерлік дәрежесі де бар. Ол көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп тұрады.

7. Эштон Итон (Ashton Eaton) ― жеңілатлет, АҚШ

Эштон 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы.Жары жеңілатлет Брианна Тейсен-Итон да әлем чемпионы атанған.

8. Марсель Нгуен (Marcel Nguyen) ― неміс гимнасты

Марсель – үш дүркін Еуропа чемпионы. Ол 2012 жылғы жазғы Олимпиадада екі күміс еншілеген. Гимнастикамен 4 жасынан бастап айналысып келеді.

9. Мэтт Андерсон (Matt Anderson) ― америкалық волейболшы

Ол 2014 жылғы Әлем лигасы мен 2015 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы.

10. Джейкоб Далтон (Jacob Dalton) ― гимнаст, АҚШ

Ұлттық ойындардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Атлеттерге арнап киім шығарады. Оның жұбайы да гимнастшы қыз.

11. Владимир Морозоа ― суда жүзуші, Ресей

2012 жылғы жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2012 жылғы Еуропа чемпионы Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы.

12. Рики Рубио (Ricky Rubio) ― испандық баскетболшы

Ол жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 2009 жылғы Еуропа чемпионы.

13. Марсело Кьеригини (Marcelo Chierighini) ― суда жүзуші, Бразилия

2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылы Торонтода өткен Панамерика ойындарының алтын медаль иесі.

14. Райан Лохте (Ryan Lochte) ― суда жүзуші, АҚШ

Райан алты дүркін Олимпиада чемпионы. Ол Әлем чемпионатынан 39 алтын медаль иеленген. Ұзақ және қысқа қашықтықта 10 әлемдік рекорд орнатқан.

15. Алекс Раньери (Alex Ranghieri) ― жағажай волейболшысы, Италия

Алекс 6 жасынан бастап волейболмен айналыса бастады. 17 жасында Римде командамен қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен. Басты жанкүйері анасы Рио Олимпиадасына да оны қолдауға келген.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226414-kez-kelgen-adamnynh-sportqa-qyzyghushyl.html