RU

Тарихта алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдесіне ие болған қазақ қызына бір бөлмелі пәтер беріледі

Олимпиадада «қола» жүлде алған Эльмира Сыздықоваға бір бөлмелі пәтер сыйға беріледі деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олимпиада ойындарының ареналарында жауапты жарыс мінберіне көтеріліп, көк туымыз желбіреген сәтте барша Қазақстанның төбесі көкке жетеді. Қарағандылық жерлесіміз Эльмира Сыздықованы да қола медалімен құттықтаймыз», - деді Спорт күніне арналған брифингте Н. Сухорукова.

Оның айтуынша, 25 тамызда Мұз айдынында үлкен мерекелік бағдарлама әзірленуде.

«Бұл шоу-көрсетілім, бұл Олимпиада ойындары қатысушыларын құттықтау. Ешкімді елеусіз қалдырмаймыз. Эльмираға бір бөлмелі пәтер тарту етеміз. Бұл Қарағанды облысы күрес федерациясының сыйлығы», - деп атап өтті спорт басқармасының басшысы.

Ол Риодағы Олимпиадаға 11 қарағандылық қатысқанын атап өтті. «Спорттың аты - спорт. Үнемі жеңіс тұғырынан көріну бола бермейді, жеңіліс те, ұтыс та болады», - деп қосты Н. Сухорукова.

Эльмира Сыздықова - Ә. Молдағұлова атындағы балалар спортында дарындыларға арналған интернаттың тәрбиеленушісі. ҚР әйелдер күресі бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері. 2011 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 және 2016 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Жеке бапкер - Владислав Сутормин.

Қарағандыға Эльмира 10 жыл бұрын СҚО-дан келген. Бұған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы оның ағасы Райымбек Сыздықов ықпал етті.

Еске салсақ, қазақстандық Эльмира Сыздықова жарыста мысырлық Энас Мұстафаны 7.4 есебімен ұтып, Олимпиаданың үшінші орнын иеленді. 62 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орынды жапондық Сара Досо, екінші орынды - ресейлік Наталья Воробьева иеленген болатын.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226459-tarikhta-alghash-ret-kuresten-olimpiada.html