RU

ОҚО-да бір жыл бұрын жоғалған бозбаланың анасы жұрттан көмек сұрайды

Оңтүстік Қазақстанда бір жыл бұрын жоғалған бозбаланы таба алмай жүрген туыстары енді жұрттан көмек сұрайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Бәйдібек ауданына қарасты Ақтас ауылының тұрғыны 15 жасар Нұрымжан Бүркітбаев былтыр шілде айында үйінен шығып содан бері із-түзсіз кеткен. Жақындары Нұрымжанның мінезі жоғалардан бұрын күрт өзгергенін айтады.

"Атын сипалап тұрды да ол, мініп жүрген атын. Сосын мен айттым, неге тұрсың оны сипалап деп едім, мама мен келгенше мынау атты сатпа деді. Ай неменеге сатамын деп едім, білмеймін солай айтты да маған. Қай жаққа кетейін деп жатсың деп едім, үндемей қойды" - дейді анасы Күлшара Әбдіраева.

Сол кеткеннен мол кеткен 8 сынып оқушысын бүкіл ауыл іздеп, құтқарушылар мен полицейлер де жұмылдырыпты. Арнайы мамандар жақын маңдағы өзен-көлдерді тексеріп, тау-құзды тіпті тікұшақпен де шарлап шыққан. Табыларына үміт үзілді деген сәтте Сарыағаштан Нұрымжанды көрдік деген адамдар табылыпты.

Бір емес, бірнеше кісі шалғайдағы ауданнан баланы көрген екен. Нұрымжанның туыстарымен көршілеріне дейін топ болып, Сарыағаш түгілі жақын орналасқан бірнеше ауданды да өздері тінтіп шыққан. Полицейлерге де хабар бергенімен олар ешқандай әрекет жасап отырған жоқ дейді. Ал ішкі істер органдарындағылар Нұрымжанның тірі екеніне сенбейтін де сияқты.

"Нұрымжан Бүркітбаевты іздестіру шаралары арыз түскен сәттен бастап тоқтатқан емеспіз. Оның туыстары айтқан аудандарда арнайы құрылған топ та іздеді. Даладағы қойшылардан да сұрастырдық. Ешқандай ізі жоқ. Біздің ойымызша оқушы балық аулауға шығып, суға ағып кетуі де мүмкін", - дейді ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Бақытжан Донаев.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226640-oqo-bir-zhyl-buryn-zhoghalghan-bozbalanynh.html