RU

Демалыс күндері кейбір жерлерде 40-42 градус ыстық болады

Синоптиктер алдағы демалыс - 20-22 тамыз күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады деп хабарлайды Baq.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оңтүстік тропосфералық ағындармен Қазақстанның батыс облыстарында Иран аудандарынан өте ыстық ауа соғуы жалғасады. Сондықтан мұнда бұрынғыша өте ыстық, максималды ауа температурасы 32-38 градусқа дейін, ал жекелеген аудандарда 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр.

"Республиканың басқа аумағына Кар теңізінде қалыптасқан салқын атмосфералық фронт пен ауа массасы әсер ете бастайды. Олармен солтүстік, орталық және шығыстың жекелеген аудандарында жаңбыр жауады, температура төмендейді, яғни қалыптыдан төмен және қалыпты болады", - деді мамандар.

Ал оңтүстік мен оңтүстік-шығыста айтарлықтай жауын-шашынсыз болып, дүйсенбі күні ауа температурасы төмендейді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226649-demalys-kunderi-keybir-zherlerde-40-42-gra.html