RU

Шымкентте үш баланың әкесі саябақта асылған күйде табылды

2016 жылдың 17 тамызында 17 сағат 00 минут шамасында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің «102» сымтетігіне ер азаматтың асулы тұрған өлі  денесі табылғаны туралы  хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қаладағы шағын саябақтардың бірінің маңындағы жол шетіндегі дауалға асулы тұрған бейтаныс азаматтың денесін анықтады. Денесін қарау барысында ешқандай қинау немесе ұрып-соғу белгілері анықталмаған.

Жәбірленушінің жеке басына тексеру жүргізген тәртіп сақшылары, оның 1967 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат екенін анықтады. Артында әйелі және үш баласы қалды.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда қылмыстың орны алу барысы мен себептері анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226659-shymkentte-ush-balanynh-akesi-sayabaqta.html