RU

Маңғыстау облысында ірі жол апатынан ер адам мен жеткіншек қаза болды

Ақтау-Жетібай күрежолында жол-көлік апатынан ер адам мен жеткіншек қаза болды. Дзюдодан жарыстарға бара жатқан тағы төрт бала өте ауыр халде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев балалар ауруханасында болып, олардың тезірек жазылып кетуі үшін барынша қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

ЖКА-да зардап шеккен балалардың ата-аналары Маңғыстау облысының әкіміне: «Балалар жарыстарға неге таксимен және сүйемелдеусіз жүруі тиіс?» және «Ақтау-Жетібай жолы қашан жөнделеді, оның бойында машиналар соғылып жатады?» деген сұрақтар қойды. Айдарбаев бұл факті бойынша тексеру жүргізілетінін айтты деп жазады  Lada.kz.

"Біз тексеру жүргіземіз. Балалар неге таксимен шыққанын анықтаймыз. Қандай көмек қажет болса, жәрдем береміз", - деді ол.

19 тамызда Lada Largus және Toyota Fortuner автомашиналары республикалық маңыздағы Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен жолында шамамен сағат 11.30-да 33-ші шақырымда жол апатына түсті. Жас спортшылар Lada Largus автомашинасында болды, олар Жетібайдан Маңғышлақ стансасына дзюдодан Астанада өтетін республикалық жарысқа бара жатқан болатын.

Lada Largus  автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Fortuner көлігіне соқтығысқан. Оның рулінде 41 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны болған. Апат салдарынан Lada Largus машинасының жүргізушісі мен 13 жасар жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы жеті адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соның ішінде  жеті, 10, 11 және 14 жастағы төрт бала ауыр жарақат алып, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

"Қазір балаларға ота жасауда, олардың жағдайы ауыр, сондықтан да әзірге бірдеңе айту қиын", - деп түсіндірме берді медицина мекемесінде. Алдын ала ақпарат бойынша, үш бала ауыр жағдайда. Екі балаға ота жасалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайы туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті кейінірек жариялайды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226674-manhghystau-oblysynda-iri-zhol-apatynan.html