RU

Отандық жұлдыздар желі арқылы қалталарын қаншалықты қампайтып жүр?

Бүгінде шоу-бизнесте неғұрлым танымал болсаң, соншалықты саған деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Егер сіздің  даңқыңыз әлеуметтік желіде де асқақтап тұрса, тіптен жақсы. Әлеуметтік желі арқылы қанша қаржы табуға боладытынын 31 арна анықтауға тырысты.

Бүгінде "Алло" әнімен сұранысқа ие болып талай кештердің көркін келтіріп жүрген ерке әнші Ерке Есмаханға танымалдығы үшін құны 2,5 миллион теңгеге дейін тұратын қымбат сыйлықтарды жиі сыйлайды екен.

Ал, Еркенің өзі болса, сыйлықтарын мақтанып инстаграм парақшасына жарнама ретінде салатын көрінеді.

"Құндыз теріден, песец дейді ғой, соны Ақтөбеге барғанда үлкен дүкен сыйлады", - дейді Ерке.

Еліміздің хас сұлуы атанған Айдай Исаеваны жарнама берушілердің өздері іздеп келетін болған. Аптасына 5, 6 бірдей ұсыныс түседі екен. Алайда, Қазақстан аруы бәрін бірдей қабылдай бермейтін аса талғампаз болып шықты.

Еліміздің хас сұлуы атанған Айдай Исаеваны жарнама берушілердің өздері іздеп келетін болған. Аптасына 5, 6 бірдей ұсыныс түседі екен. Алайда, Қазақстан аруы бәрін бірдей қабылдай бермейтін аса талғампаз болып шықты.

"Брендік киімдер бар ғой сол киімдерге ғана өзімнің келісімімді беремін. Ұсыныстар өте көп, кірпік жабыстырамыз дейді, макияж, ағылшын курсы осыларға келісімдерімді бермеймін", - дейді Айдай Исаева.

Көбінесе Айдайға түрлі стильдегі көйлектерді жарнамалау ұнайды екен. Қуана-қуана келісімін беретін көрінеді.

"Бір сағаттық фотоссесияға 500 доллар аламын. Ал киімдерімді бартер ретінде қабылдаймын. Мысалы, 300 долларға соның құнындай көйлектер береді", - дейді Айдай Исаева.

Соңғы уақытта әншілер тек бір ғана инстаграм желісі арқылы қалталарын қампайтып жүргендері бар. Шоу-бизнестегі танымал жұлдыздар жарнама үшін 100 мың теңгеден 200мың теңгеге дейін алатын көрінеді.

Актриса Гүлшарат Жұбаева бір жылдан астам уақыт бойы өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Ұзатылатын қыздардың жасауын тігіп, 8 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен кәсіпкер. Танымал болсаң, араласатын ортаң да, саған деген қызығушылық та артады дейді.

Бұл кәсібіңді  одан әрі дамытуға өз септігін тигізетін көрінеді. Өнер иесі киноға түсіп қана қоймай, бірнеше кәсіпті қатар алып жүрген жан. Жақында тіпті жылжымалы асхана желісін де қолға алыпты.

"Жылжымалы тамақтандыру желісі, алдын-ала бір күн 40-45 адамға тапсырыс беріледі. Бірінші, екінші тамағын, салатын, алып барамыз", - дейді Гүлшарат Жұбаева.

Актриса бастаған әрбір ісіне аса жауапкершілікпен қарайды екен. Себебі, танымалдылықтың артар жүгі ауыр дейді.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226699-otandyq-zhuldyzdar-zheli-arqyly-qaltal.html