RU

Нижат Рахимов: Менің қарсыласым тек қана зілтемір

Менің қарсыласым тек қана зілтемір. Басқа қарсылас көзіме көрінбейді. Бүгін түнде Алматыға оралған Рио Олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Нижат Рахимов журналистерге берген сұхбатында өзінің жеңісіне күмәнмен қарайтындарға қатысты осылай жауап берді.

«Рио Олимпиадасына жан-жақты дайындалдым. Тынбай жаттықтым. Тер төгіп еңбек еттім. Маған бапкерлерім көмектесті. Сол үшін оларға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әкеме де айтар алғысым шексіз. Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рахмет! Мен Олимпиадаға барар алдында айтқанмын, қазір де қайталап айтамын: Менің қарсыласым тек қана зілтемір. Зілтемірмен ғана сайысқа түсемін. Басқа қарсылас көзіме көрінбейді», - деді Рахимов толқып тұрып.

Сонымен қатар, ол алдағы жоспарларына қатысты сұраққа былай деп жауап берді:

«Әзірге білмеймін. Олимпиададан кейін тек мен ғана емес, басқа спортшылар да болашағы туралы тап басып ештеңе айта алмайды ғой. Әрине, спорттық жолымды жалғастырғым келеді. Бірақ, енді оны уақыт көрсетеді. Барлығы Алланың қолында», - дейді ол.

Айта кетелік, Рио Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нижат Рахимов жұлқа көтеру сайысында 165 келі көтерді. Ал, серпе көтеруде қазақстандық спортшы 214 келіні бағындырды. Сөйтіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтижені көрсетіп, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды.

Нижат Рахимов 2015 жылғы Әлем чемпионы. Жасы 23-те. Ұлты әзербайжан. Баку қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Бүгінде Атырау қаласында тұрады.

Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 104 спортшы 26 спорт түрінен өнер көрсетті. Қазіргі таңда қазақстандық атлеттердің қоржынында 6 спорт түрі бойынша 17 медаль бар: 3 алтын, 5 күміс және 9 қола. Осылайша, 2016 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері тәуелсіз Қазақстанда Олимпиада чемпиондарының саны - 19-ға жетті.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226742-nizhat-rakhimov-meninh-qarsylasym-tek-qa.html