RU

Усэйн Болт тоғыз дүркін олимпиада чемпионы атанды

Ямайкалық желаяқ Усэйн Болт ерлер арасында 4x100м эстафетасында спорттық жолындағы тоғызыншы олимпиада және Рио-де-Жанейро Ойындарындағы үшінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-сиге сілтеме жасап.

Ямайка құрамасы спорттың осы түрінен қатарынан үшінші рет олимпиада финалында басым түсті.

Айта кетері, Жапонияның екінші орын алуы сенсациялық оқиға болды. Ал үшінші орынды АҚШ командасы қанағат тұтты.

Бұдан бұрын Болт 200 метрлік қашықтықта ешкімді алдына салмаған еді.

Сонда ол  Рио-де-Жанейрода өзі қатысатын барлық қашықтықта жеңіске  жетуді көздеп отырғандығын айтқан болатын. Сондай-ақ Болт осы марапаттарды иеленген соң спорт тарихында өз есімінің мәңгі қалатындығына сенетіндігін де жеткізген.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226753-useyn-bolt-toghyz-durkin-olimpiada-chem.html