RU

Том Лёффлер: Әлемде Головкинді жеңе алатын боксшы жоқ

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының британиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды BNews.kz.

«Брукке қарсы жекпе-жекте қандай да бір проблема туындайды деп ойламаймын. Головкин мұның алдындағы 22 қарсыласын қалай жеңсе, солай, яғни нокаутпен жеңуі тиіс. Менің ойымша, шаршы алаңда Головкиндей атой салатын боксшы жоқ. Бруктің стилі, рингтегі тұрысы – бұлар түк те емес. Геннадий алдымен қарсыласын зерттейді, оңтайлы сәтті күтіп, тек содан кейін тегеурінді соққылар жасайды. Абель Санчес шәкірті үшін мықты стратегия ойлап тапты. Қазір әлемде Головкинді жеңе алатын боксшы жоқ», - деп санайды ол.

Айта кетсек, Головкин-Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226837-tom-leffler-alemde-golovkindi-zhenhe-al.html