RU

Астаналық жігіт: Қызымды ауыр дерттен құтқару үшін ломбард тонауға бардым

Астана қаласында ломбардты тонамақ болған жігіт 2 айға қамауға алынды. Сот оның жасаған қылмысын ескеріп, қоғамға аса қауіпті адам деп таныды деп хабарлайды Baq.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Дәл қазір жігітке ірі тонау жасап, адамдарды кепілдікке алды деген екі айып тағылып отыр. Екі бап бойынша да ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Шамамен 15 жылға. Өткен жексенбіде медициналық маска киіп алған 42 жастағы азамат пневматикалық қарумен ломбардқа шабуыл жасап, екі қызметкерді кепілдікке алған.

Полиция қылмыскермен ұзақ уақыт келісімсөз жүргізіп, артынша бір қызметкерді босатып алған. Ал екінші бойжеткенді ішке енген кезде құтқарған. Ешкім жапа шеккен жоқ. Азамат мұндай әрекетке қызын айықпас дерттен құтқарып қалу үшін барғанын айтқан. Десе де, оның бұл сөздері әзірге ресми расталмады.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбелік жігіт бір жыл өмірі қалған әкесіне бауырының 70 пайызын бөліп берді (фото)

ОҚО-да киелі жерге түнеп шыққан қыз сол бойда тұрмысқа шығып кетті

AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық еткен төрешілерді Олимпиададан шеттетті

Ақтөбеде дін жолындағылар босанатын әйелдеріне еркектерді жолатпай, өздері күзетіп отыр

Алматыда сүйісіп отырған қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1226864-astanalyq-zhigit-qyzymdy-auyr-dertten.html