RU

Қазақстанның туын ұстап шыққан таеквондошы ел үмітін ақтамады

Таеквондодан 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров үмітті ақтамады.

Тараздық таеквондошы алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Радик Исаевтан ұтылып қалды. Бұл жеңілісін спортшы қарсыласының мықты екенімен түсіндірген.

Кейін Русланның қарсыласы финалға жетіп, ол жұбаныш жекпе-жегіне қатысу мүмкіндігін алған. Алайда, бұл кездесуде де Оңтүстік Корея спортшысына Чха До Миннге  8:15 есебімен есе жіберді. Осылайша, 20 жастағы спортшы алғашқы Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Таеквондодан Рио даянгында додаға түскен үш спортшының үшеуі де Олимпиадада алысқа шапқан жоқ.

Жалпы, 20 тамыз күні Рио бәсекесінде бақ сынаған Отандық спортшылардың бірде-бірі жүлдеге іліккен жоқ.

Олимпиаданың ашылу салтанатында туымызды алып шыққан спортшылардың жүлдеге ілігуі сирек десек те болады. 2000 жылы Сиднейде чемпион атанған Ермахан Ыбырайымовтың ғана есебі түгел. Ол Австралияда ел байрағын көтеріп шығып, кейін Олимпиада чемпионы атанған.

2004 жылы туымызды алып шыққан Асхат Жіткеев, 2008 жылы ел байрағы сеніп тапсырылған зілтемірші Бақыт Ахметов және 2012 жылы осы міндет тапсырылған Нұрмахан Тінәлиевтер өздері қатысқан Олимпиадада ел сенімін ақтай алған жоқ. Тек Асхат Жіткеев қана 2008 жылғы ойындарда күміске ие болған.

Осы жолы туымызды ашылу салтанатында алып шыққан Руслан Жапаров та Риода жүлдесіз қалды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227053-qazaqstannynh-tuyn-ustap-shyqqan-taekv.html