RU

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірге телесериалға түсіп жатыр

Жуырда көрермендер назарына “Көзайым” атты жаңа туынды ұсынылмақ. Аталған телехикаяда Айгүл Иманбаева, Сәбит Әбдіқалықов, Батыр Байназаров сынды танымал жұлдыздар ойнайды деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып “Ринго” тобының продюсері Алуа Қонарова бөлісті. Ол түсірілім алаңына барып, Батыр Байназаровтың қалай жұмыс істеп жатқанын арнайы бақылаған екен.

Телехикаяның сюжеті махаббат оқиғасына құрылған. Бай отбасында тәрбиеленген Еркебұлан достарымен өзіне Көзайымды ғашық қылуға бәстеседі. Уақыт өте келе әлгі қызға ессіз ғашық болып қалады. Мұнымен қатар, бұл сұлуға Сұлтан есімді жігіт көз салады. Артынша Сұлтан мен Еркебұланның туған бауырлар екені анықталады. Тағдырдың тосын сыйлары мұнымен аяқталмайды. Кейіпкерлерді шытырман оқиғалар күтіп тұрады.

Фильм қыз бен жігіт арасындағы махаббатты өзек ете отырып, ана мен бала, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көп қозғайды. Тәрбие, өнеге үлгі мәселелері де бастапқы орында. Ең бастысы, сатқындық, тәкаппарлық, менмендік, жауыздық сияқты теріс пиғылды қасиеттердің ақыр соңында жеңіліс тауып, жақсылық атаулының жеңіске жететіндігін тағы да бір дәлелдейді. Басты ерекшеліктері – актерлік құрамы мен локациялары.

Бұл туындыда бұрын-соңды телехикаяларда ойнамаған белгілі актер Ерік Жолжақсынов басты рөлдердің бірін сомдайды. Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева көпшіліктің алдында үйреншікті емес, күтпеген образда шығады.

Азат Сейітметов, Сәбит Әбдіқалықов та өз өнерлерін көрсетіп, көрерменді қуантпақ. Жас таланттарға да тың жол ашылады.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстанның туын ұстап шыққан таеквондошы ел үмітін ақтамады

Алматы облысында екі жігіт бойжеткенді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Тұрғындар Бердібек Сапарбаевты хат жазып, ауылға шақырып алды (фото)

Дос Көшім: Орыстілді қауымға қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жоқ

Ақтөбелік сүйіктісін жалаңаш суреттерімен бопсалап, суицидке дейін жеткізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227066-aygul-imanbaeva-burynghy-kuyeuimen-bi.html