RU

Айдос Сарым: Үш ай бойы мораторийді созу үшін жұмыс істедік пе?

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында саясаттанушы Айдос Сарым жиынға қатысушыларға  сауал тастады, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Үш ай бойғы жұмыстағы біздің бар нәтижеміз мораторийді созу ғана ма? Мұны елге айтудың өзі ұят секілді. Менің ұсынысым, екі-үш топты қалдырып, халыққа осы мәселені түсіндіретін бір құжат әзірлеу керек. Біз үш ай бойы осынша әңгіме айтып, халықпен жүздесіп, енді Елбасыға осындай ұсыныс айтуымыз ұят. Сондықтан, мынадай мәселелер бойынша комисиия мәмілеге келді, мына мәселе бойынша бір тоқтамға келе алмады деп басын ашып жазу керек. Тек, дау туғызған жерді жеке меншікке сатуға бола ма, болмай ма деген мәселеге қатысты мораторийді созу туралы ұсынысты елбасыға айтайық. Сонымен қатар, комиссияның белсенді мүшелерін заң жобасын парламентте қорғауға қатыстырайық, осында айтылған ұсыныстар заңға енуі қамтамасыз етілсін», – дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушы, сонымен бірге Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы 27 мың гектар жердің Германия азаматына берілуі туралы да мәселені мұқият зерттеу қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жерді жалға беруге қатысты қойылған мораторийді 5 жылға созатынын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Әділбек Ниязымбетов елге оралған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұрады

Қазақстанның туын ұстап шыққан таеквондошы ел үмітін ақтамады

Ақтөбенің орталығында жыныс мүшесін уқалаған ер адам ұятқа қалды

Төрт жасар қызын кісендеп ұратын жауыз ананың әрекеті жұртты шошытты

Алматы облысында екі жігіт бойжеткенді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Тұрғындар Бердібек Сапарбаевты хат жазып, ауылға шақырып алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227101-aydos-sarym-ush-ay-boyy-moratoriydi-soz.html