Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Опубликовано:

20 тамыз күні Ақтау қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды. Белгісіз біреулер 6 жасар қызды ұрлап, кейін аяусыз зорлап кеткен.

Бұл туралы Tumba.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар күдіктілерді де қолға түсірді. Алайда, күдіктінің аты-жөні айтылмай отыр.

Осы орайда полиция қызметкерлері барлық ата-анаға балаларына сақ болуын ескертеді.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да көріпкел қыз еліміздегі келесі президенттің кім болатынын болжады

Алматылық кәсіпкер тойға келген қонақтарының барлығына 150 мың теңгеден таратып берді

Әділбек Ниязымбетов елге оралған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұрады

Қазақстанның туын ұстап шыққан таеквондошы ел үмітін ақтамады

Төрт жасар қызын кісендеп ұратын жауыз ананың әрекеті жұртты шошытты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1227251-aqtauda-alty-zhastaghy-qyzdy-urlap-keyi/

pixel