RU

Қазақстан боксшылары жалпы есепте үздік үштікке де енбеуі мүмкін

Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарда медальдар есебі бойынша әзірге Куба құрамасынан кейін екінші болып келе жатқан Қазақстан боксшылары үздік үштіктен де шығып қалуы мүмкін.

Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Қазақстан қазір екінші орында келеді. Әйтсе де, біздің боксшылардың бәрі жарысты аяқтаған. Қорытынды кестеде кемінде бір «алтыннан» бөлек тағы үш күміс медалі болатаны өзбек боксшыларының біздің команданы ығыстыратыны анық.

Себебі, қазір 1 күміс медалі бар Өзбекстанның тағы екі боксшысы финалға шыққан. Тіпті солардың екеуі бірдей жеңіліп қалған күннің өзінде бізден алға шығып кетеді.

Бұдан басқа, әлі алтын медаль үшін күресетін боксшысы бар Ресей құрамасы да Қазақстан командасының алдына түсіп кете алады. Егер Миша Алоян финалда жеңсе, бұл елдің құрамасы екінші орынға бір-ақ көтеріледі.

Бірақ бұл жағдайда аса ауыр салмақтағы британиялық Джо Джойс француз Тони Йоконы, 64 кг салмақтағы әзербайжандық Лоренцо Сотомайор өзбек Фазлиддин Гаибназаровты ұтуға тиіс. Мұндай мүмкіндікке Ұлыбритания боксшылары да ие.

Қазір көш басында 3 алтын медалі бар Куба боксшылары келеді.

Ал жалпы медальдар санына келсек, Өзбекстан құрамасында, финалға шыққан екеуді қосып есептегенде, 7 медаль бар. Куба – 6, Қазақстан мен Франция – 5, Ресей 4 медальмен турнирді қорытындылайды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227272-qazaqstan-boksshylary-zhalpy-esepte-uz.html