RU

22 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

22 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Ғашық жандарды үшін бұл күн қуанышқа толы болмақ. Сүйікті адамыңызбен, достарыңызбен бірге ойын-сауық отырыстарына баруыңыз әбден мүмкін. Отбасылы тоқтылар балалары үшін біраз шығындалады. Жеке бастың да жағдайын ұмытпай, өзіңізге де көңіл бөліп қойыңыз.

Торпақ

Торпақ жұлдызымен туылған жандар үшін бұл күн құдды бір мерекедей өтері сөзсіз. Болашаққа біраз күш жинап алуыңызға мұндай тамаша күндердің орны ерекше болмақ.

Егіздер

Көптен бері қордаланып қалған мәселелердің мәніне барып, түйінін шешер уақыт келді. Енді оларды кейінге қалдырар мүмкіндік бола қоймасы анық. Сондықтан да алдымен осы шаруаны біржақты қылғаныңыз жөн.

Шаян

Өткен күннің елесімен емес, бүгінмен, болашақпен өмір сүру керек екенін естен шығармаңыз. Болашаққа жоспар құрыңыз, жаңа мақсаттарға қарай қадам басыңыз.

Арыстан

Бүгін өткен кез келген кездесу тек әдемі естеліктерімен есте қалары сөзсіз. Өйткені алдыңызға қойған мақсаттарға жетіп, атқарған шаруаңыздың нәтижесін көресіз. Дегенмен осы уақыт аралығында қандай да бір күрделі мәселелерге бас қатырудан аулақ болғаныңыз абзал.

Бикеш

Бүгін ішкі ойларыңызды жүзеге асыруға қолайлы кезең. Бірақ «ақырын жүріп анық бас» дегенді естен шығармаңыз. Ойға алған істің артын бағып, орындалғанша жасырын ұстасаңыз да болады. Ал өмірлік маңызы бар мәселені шешуде басқа біреуге сенім артудың қажет жоқ. Кешке бәрін тастап, жақсылап демалыңыз.

Таразы

Жаңа ұсыныстар, жаңа таныстар өміріңізді өзгертуі мүмкін. Ең батыл жоспарларыңызды іске қосыңыз. Жанашыр жандар жаныңыздан табылатын күн. Аяқтан шалушылар да кезігуі мүмкін. Бірақ оған алаң болмай-ақ қойыңыз. Жұлдызыңыз оңынан туып тұр!

Сарышаян

Сарышаяндар бүгін жұртшылық назарының нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп, көзге ілігесіз. Сізге кей адам жүрегін ұсынуы мүмкін немесе тұрмыс құруға ұсыныс түсуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл қандай да бір байқаудың жеңімпазы атануыңыз мүмкін. Ұзақ жолға шықпағаныңыз дұрыс.

Мерген

Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Тауешкі

Алтын уақыттың қадірін біліп, әр сәтті тек жақсылыққа толтыруға талпыныңыз. Бұл күні материалдық жағдайыңыздың орнықты болары сөзсіз. Күтпеген жерден мол олжаға кенелесіз. Сондай-ақ қызметтеде белгілі бір жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін.

Суқұйғыш

Ағысқа қарсы жүзуді үйренгеніңіз абзал. Ендігі уақытта бір орында тұра беруге болмайтынына көз жеткізіңіз. Өйткені кезекті толқынмен жағаға шығып қалуыңыз да ғажап емес. Сондықтан да босқа қарап отырмаңыз, қамданғаныңыз дұрыс.

Балықтар

Жан-жағыңызда болып жатқан дүниеден хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Күн сіз үшін айтарлықтай тыныш, қандай да бір жарқ етер жаңалықсыз өтері сөзсіз. Дегенмен сіз бұған еш өкінбеңіз. Барынша белсенділік танытыңыз. Қарадан ақ жасауға, жоқтан бар жасауға талпыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227355-22-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html