RU

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет 17 медальға қол жеткізді.

Бірақ жалпыкомандалық есепте қазақ елі Өзбекстанды алға жіберіп, 22-ші орынға тұрақтады деп хабарлайды Bnews.kz.

Қазақстан Олимпиада ойындарында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте еліміз 22-ші орынды иеленді. Медаль саны жөнінен рекорд орнаттық. Бұған дейін Атлантада 11, Сиднейде 7, Афиныда 8, Пекинде 13, Лондонда 13 медаль еншілеген болатынбыз. Бұл жолы қоржынға 17 жүлде түсті.

Олимпиаданың соңғы күнінде екі боксшысы алтын медаль алған Өзбекстан жалпыкомандалық есепте бізді басып озып, 21-ші орынға тұрақтады. Ала тақиялы ағайындарымыз байрақты бәсекеде қанжығасына 4 алтын, 2 күміс, 7 қола медальды байлады.

Қазақстаннан Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин алтын алса, Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Гюзель Манюрова күміс медальға қол жеткізді. Қола жүлде алғандардың қатарында Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова бар.

Айта кетейік, осы жылғы Олимпиада ойындарына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227453-qazaqstan-rio-daghy-olimpiadada-22-oryn.html