RU

Суреті әлемді дүр сілкіндірген сириялық баланың ағасы алған жарақатынан тіл тартпай кетті

Сириядағы Алеппо қаласындағы әуе шабуылынан кейін қан мен шаң-топырақ басқан бейнесі бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы дүние жүзіне тараған бес жасар Омран Дакништің ағасы Әли Дакниш алған жарақатынан көз жұмған.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

17 тамызда Алеппоға жасалған әуе шабуылы кезінде жараланған 10 жастағы Әли, дәрігерлердің айтуынша, ішкі құрылысына қан кетіп қайтыс болған. Онымен бірге болған інісі Омранның жарақаты ауыр емес дейді дәрігерлер.

Осы айда Алеппо мен оның төңірегінде әуе шабуылдары мен шайқастар барысында 448 бейбіт адам қаза тапқан.

Ресей қорғаныс министрлігі Алепподағы Омран мен Әли Дакништер тұрған үйді бомбалауға өзінің қатысы жоқ екені туралы мәлімдеген. Министрліктің өкілі генерал Игорь Конашенков 19 тамызда жасаған мәлімдемесінде ресейлік әскери ұшақтар «бейбіт адамдар тұратын аудандарға ешқашан шабуылдамайды» деген.

Алайда Сириядағы ахуалға бақылау жүргізетін бірнеше топ Сирияның үкімет әскері мен ресейлік ұшақтар сириялық оппозиция мен исламшыл топтар бақылауындағы аудандарға әуеден соққы берген кезде бір-бірімен алмасқан көптеген ақпараттарды тіркеген. Әуе шабуылдары салдарынан жүздеген бейбіт адам қаза тауып, жараланған.

Сириялық еріктілер төтенше тобының өкілі Ибрагим әл-Хадждың айтуынша, бес жыл бойы жалғасып келе жатқан Сириядағы азамат соғысында Әли Дакништің қазасы әдеттегі көріністердің біріне жатады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227505-sureti-alemdi-dur-silkindirgen-siriya.html