RU

Түркияда үйлену тойындағы жарылысты жаспөспірім жасаған

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласындағы жарылысты жасөспірім жасады, деп мәлімдеді жексенбі күні президент Режеп Эрдоған.

Шабуыл салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Түрік мемлекет басшысының айтуынша, жанкешті 12-14 жаста болған. Түркия билігі бұл шабуылды теракт деп атап, оның артында "Ислам мемлекеті" тұр деп мәлімдеді. ИМ - әлемнің бірқатар елдерінде тыйым салынған экстремистік ұйым. Террорлық ұйым әзірге бұл шабуылдың жауапкершілігін мойнына алған жоқ.

Жексенбі түнінде Газиантеп қаласында жанкешті жарылғыш затты үйлену тойы болып жатқан некелесу сарайында іске қосқан. Газиантеп қаласы Түркияның оңтүстігіндегі Сириямен шекаралас аймақта орналасқан. Мұнда қазір күрді қарулы топтары және жихадшылармен ұрыс болып жатыр, деп хабарлады BBC.

Хабарларға қарағанда, жанкешті шабуылы салдарынан 50-ге жуық адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Түркияда үйлену тойы кезінде теракт болып, 50-ге жуық адам көз жұмды (видео)

Риодағы әділетсіздікке шыдамаған моңғолдар кілемде шешініп тастады (фото)

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227608-erdoghan-turkiyada-uylenu-toyyndaghy-zha.html