RU

Артық салмақ қосып алған Кішкенбаев сахнаға шығуға ұялып жүр

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев желі қолданушыларымен өзін мазалап жүрген жан сырымен бөлісті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші біраз уақыттан бері теледидардан да, желідегі парақшасынан да көрінбей кеткенін оның тыңдармандары жақсы біледі. Оның бұл әрекетін желі қолданушылары көптен бері түсінбей, неге желіге суретін салмайтынын үнемі сұраумен болатын. Осы орайда әнші тыңдармандарының алдына шығудан неліктен қашып жүргенін өзі түсіндіріп берді. Ол оқырмандарына басты проблемасы туралы айтып берді.

«Біраздан бері мен өзімнің суретімді салмай жүргенімді білетін шығарсыздар?! Экраннан да көрінбей кеттім (анамның айтуы бойынша). Менде, мен үшін үлкен проблема бар. Мен қаншалықты мықты болсам, соншалықты сол проблемаға шамам келмей қалады. Осыны оқып отырған болсаңыздар, солда проблема ма деп айтуларыңызда мүмкін. Бірақ өкінішті, солай...», - деп бастады ол жазбасын.

Әншінің айтуынша, оның басты проблемасы – артық салмақта болып шықты. Осылайша, ол елдің алдына шығып, өзінің артық салмағы туралы сөз естіп қалмаудан қашып жүрген көрінеді. Оны әншінің өзі мойындап отыр.

«Менің басты проблемам, ол менің салмақ қосып алғанымда. Көрген жерде бірден аааа (вот он щеки наростил, дипутат, живот, үлкенбай) деген сөзерді естігендіктен көріне бергім келмейді. Мойындаған да дұрыс қой. Қазіргі таңда көп саxнаға шыға бермейтінім сол», - деді ол тыңдармандарына.

Үнемі сахна адамының келбеті келіскен болуы керек деп айтып жүретін әнші бүгінде өзі де сол күйді кешіп жүргенін айтты. Әншінің сөзіне сенсек, қазір оның салмағы 82 келі екен. Енді ол желі қолданушылары арасынан өзімен бірге салмақ тастауға бекінген азаматтарға «бірге арықтауды» ұсынды.

Оның мақсаты - 62 келіге дейін салмақ тастау. Желі қолданушылары оның бұл әрекетін құптап, оған сәттілік тіледі. Әншіні кез кезген кейпінде жақсы көретінін айтқан қолданушылары да табылды.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстан боксшылары жалпы есепте үздік үштікке де енбеуі мүмкін

Дариға Шәкімова бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады

Әділбек Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы?

Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227647-biraz-salmaq-qosyp-alghan-kishkenbaev-s.html