RU

Науқасты тепкілеген дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды

Фэйсбук желісінде жедел жәрдем дәрігерінің науқасты тепкен видеосы жарияланды деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Патрульдік полицейлердің шақыртуымен келген жедел жәрдем станциясы көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созудың орнына, оны көлікке жақындатпай теуіп қуып жіберген.

Науқас деп отырғанымыз үй-жайы жоқ, көше кезген үйсіз-күйсіз адам. Денсаулығы сыр берсе керек, ол алғашқы көмекті жанынан өтіп бара жатқан полицейлерден сұраған көрінеді.

Тәртіп сақшылары болса, тиісінше жедел жәрдем станциясын шақыртқан. Алайда, шақыртуға жетіп келген дәрігерлер науқастың ұсқынынан шошыса керек, оны қараудан үзілді-кесілді бас тартады.

Видеоны Facebook-ке жүктеген Наталья Садыкова есімді интернет пайдаланушысы оқиғаның Қызылордада болғанын жазған. Оның айтуынша, науқасты тепкен дәрігерге ешқандай шара қолданылмаған.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227684-nauqasty-tepken-dariger-aleumettik-zh.html