RU

Еліміздегі тоқалдар қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қазақстанның тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын ашық айтып берді. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Егде жастағы азаматпен құшақтасып кетіп бара жатқан жас қызды көру бүгінде таңсық болмай кетті. Осы орайда, қарттарға тоқал болған келіншектер өздерінің таңдауларын түсіндіруге тырысты.

21 жастағы Мадина өзінің тоқал болуын балалық шағында ата-ана қамқорлығының жетіспеушілігінен көреді. Ол өзінің егде жастағы азаматпен көңіл қосқанынан еш әбестік көрмейтінін алға тартты.

«17 жасымнан-ақ мен ересек ерлерді ұнататынмын. Өзімнен жасы үлкен азаматпен болуды қалайтынмын. Әкесіз өскесін, маған ересек жанның қорғаныш болғаны жетіспеді. Анам өзге еркекпен тұрып жатқасын, өзімді бөтен адам сезінетінмін», — дейді ол.

«Мен оны клубта жолықтырдым. Жасым 19-да еді. Ал ол 25 жасқа менен үлкен. Семейдегі ірі кәсіпкер болғандықтан, оны бәрі таниды. Біздің кездесіп жүргенімізге екі жыл болды. Ол әйелін сүймейді, ал әйелі мен туралы мүлдем хабарсыз. Ол сүйкімсіз кәрі шал емес, өзін спортзалдан шықпай күтінетін беделді азамат. Біз тек төсек қатынасын емес, рухани қатынасты да ұстанамыз. Әйелі - шу шығарғыш мыстан кемпір. Ол әйелінің кезекті жанжалынан шаршап, маған келеді. Бірақ екі ұлы болғасын отбасын тастауды сұраған емеспін», - дейді бойжеткен.

Қарапайым әйеліне фианит қана сыйласа, мені бриллианттармен көмкереді

«Құрбыларым да отбасылы ерлермен кездеседі. Шаршап, жұмыс істеудің не қажеті бар? Біздің мақсат - қашан да сұлу болу. Сегізінші наурыз және жаңа жылда ол қашан да әйелінің қасында. Алайда жетінші наурыз бен 30-шы желтоқсанда менімен бірге. Туған күнін ол менімен бірге өткізеді. Менімен өзін жұмақта жүргендей сезінеді. Маған жақсы екі бөлмелі пәтер жалдап берді. Lexus G­S 350 көлігін сыйлады. Мен өзіме күтім жасап, ол үшін сұлу болып жүруім керек. Бұған айына шамамен 150 мың теңге кетеді. Оны да күйеуім өз қалтасынан төлейді. Қарапайым әйеліне фианит қана сыйласа, мені бриллианттармен көмкереді. Қалаған киімімді киіп, қыздармен көңіл көтеремін», - деп мақтанды ол.

Болашағы туралы сұраққа ол "ұл бала тауып берсем, ештеңеден тарықпайтын боламын" деп жауап қайтарды.

«Маған бәрі ұнайды. Ешкім миымды ашытпайды. Кез-келген бойжеткен өз қалауынша өмір сүргісі келеді. Ол маған қашан да жылы сөйлейді. Ал әйелімен қалай сөйлесетінін естігенімде, оны аяп кеттім. Мен оны әйелін тастауға үгіттемеймін. Ал махаббаттың маңызы жоқ. Ол тек қиындықтар тудырады. Еркектерді пайдалану керек. Ал пайдалана алмайтындар - нағыз ақымақтар», - деп түйді бойжеткен.

Тіпті мені тастап кететін болса да, мен ұтылып отырған жоқпын

25 жастағы Әсел есімді бойжеткен де тоқал екенін жасырмады.

«23-ке дейін мен ешбір ерді қасыма жолатқан емеспін. Қарағандыдан Астанаға көшіп келгенімде, ақшадан таршылық көрдім. Мен өзіме көмек беретін қалталы азаматты тапқым келді. Бір компанияға жұмысқа тұруға барғанымда, оның басшысына ұнап қалғанымды бірден түсіндім. Оған көп ұзамай пәктігімді сыйладым. Біз бірге әлем аралап, көңіл көтереміз. Үш баласы бар отбасылы азамат екенін басынан-ақ білдім. Дегенмен ол мені сүйеді. Маған көлік пен пәтер сатып алып берді. Мен Range Rover көлігін қаладым, ал ол маған Mercedes сатып алды. Тіпті мені тастап кететін болса да, мен ұтылып отырған жоқпын. Бірақ кете қоймас, себебі одан жүктімін. Бұндай жайттар көптеп кездеседі. Ал бұған күйеуін осындай күйге жеткізген әйелдердің өзі кінәлі», - дейді Әсел.

22 жастағы Айзада болса, 48 жастағы ер адаммен көңіл қосқан.

Әдейі осы бутикке тек қалталылар келетінін біліп, жұмысқа тұрдым

«Мені жігіттер мезі етті. Мен тәртіпті болып, өзіммен жасты адамға немесе бір-екі жас үлкен жігітке тұрмысқа шыққым келді. Алайда бүгінде лайықтылар жоқ болып шықты. Жасы 25-ке жетсе де, көбі ата-анасының арқасында күн көріп отыр. Үйленуге де, жұмыс істеуге де құлықтары жоқ. Сондайлардың біріне бес жылымды сарп еттім. Кейін шаршап кеттім», - дейді Айзада.

«Ұлымның әкесімен Louis Vuitton бутигінде таныстым. Әдейі осы бутикке тек қалталылар келетінін біліп, жұмысқа тұрдым. Мен модель бола алатын едім, ұсыныстар көп болатын. Алайда мен қасымда жақсы ердің болғанын қаладым. Бірінші рет келгенінде, әйеліне сөмке таңдауға көмектестім. Кейін өзіне белбеу сатып алуға тағы келді. Белбеуді киім өлшейтін жерде шеше алмағандай болып, мені шақырып алды. Солай қарым қатынасымыз басталып, үш айдан кейін мен жүкті болып қалдым. Ұл туып бердім. Оның екінші пәтерінде тұрып жатырмын. Мен оған әйелі сыйлай алмаған ұлды тауып бердім. Сол себепті, ол бізді тастамайды. Әйелі мен туралы біліп қойды. Дегенмен жеңілуді білетін ақылды әйел екен, еш шу шығармады. Мен де ана болғандықтан, күйеуіме толық құқым бар. Бәлкім олар ажырасып кетер, бірақ мен оны қаламаймын», - деп ақталды бойжеткен.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227822-elimizdinh-toqaldary-qaltaly-qarttar.html