RU

Он күн бұрын жоғалып кеткен астаналық студент дін аман табылды

Он күн бұрын жоғалып кеткен астаналық студент Бақтияр Жаманғараев Қарағандыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qamshy.kz хабарлайды.

"20 тамызда Астана қалалық ІІД жедел уәкілдері Жаманғараевтың Қарағанды қаласындағы жалдамалы баспанада екендігін анықтады. Ол жедел-іздестіру шараларының барысында табылды. Бастысы аман-есен. Қазір ол туыстарымен бірге. Оған қатысты заңға қайшы әрекет болмады", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз бөлімінен.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамыз күні Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі Бахтияр Жаманғараев жоғалып кеткен болатын. Анықталғанындай, жігіттің көлігі ломбардқа тапсырылған. Жоғалып кетердің алдында Бахтияр букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен, оның құмар ойындарға әуес болғаны да айтылған.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227871-kun-buryn-zhoghalyp-ketken-astanalyq.html