RU

Айнұр Тұрсынбаева әйелдермен қосылып өсек айтатын еркектерді сынады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өсек айтатын ер-азаматтарды сынап, оларды абайлап сөйлеуге шақырды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Айнұр Тұрсынбаева өзінің ғибратты ойларымен, өнегелі сөздерімен үнемі бөлісіп отыруды жөн көреді. Ол әйелдерге арналған, өмірде қажет болар деген түрлі дүниелерді оқырмандарға жиі ұсынып тұратынын да көпшілік жақсы біледі. Айтыскер осы жолы да оқырмандандарына кеңес айтты. Оның бұл жолғы кеңесі «бұрынғыдан өзгерек» болды. Себебі, ақын ер-азаматтардың өсек таратуын сынады.

«Қазір әйел түгілі еркектермен қосылып өсек айтатын болдық қой... Қарап отырып күнәға батып отырамыз. Күннен күнге өршіп барамыз. Айтпайын десек те айтып қоямыз. Жамандағаным емес деп жамандап қоямыз... Ғайбат болмасын деп ғайбаттың батпағына батып отырамыз. Әңгімеге араласпайтын адам көрмедім. Біреуді жамандап жатқанда «Алла разылғы үшін тоқтатайық» деп жатқан тағы ешкім жоқ», - деп жазды наразы болған әнші.

«... Қасымызда отырған бір адам тұрып кетсе соны ғайбаттай бастаймыз... Ол адам естімесе де Алла бәрін көріп тұр ғой!!! Қанша күнә жасасақ сонша қиындық күтіп тұрған жоқ па?! Біз өз несібемізді өзіміз кемітіп жатырмыз.. Өз жолымызды өзіміз жауып жатырмыз... Жамандаған адамнын күнәсін көтеріп алып, қарап отырып күнәға батып, өзімізге жамандық істеудеміз... Сөйтіп отырып Аллаға не жаздым деп күпіршілікке барып қоямыз..Байқайықшы бауырлар», - деп сақтандырды ол оқырмандарын.

Естеріңізге салсақ, айтыскер ақын өзінің құрбысы, белгілі әнші Алтынай Жорабаевамен бірге Түркияның Анталья қаласында демалып жатқан-ды. Ол демалысынан күнделікті суреттер жүктеп, көрермендер де оған түрліше пікірлерін жазған.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227885-aynur-tursynbaeva-osek-aytatyn-er-aza.html