RU

Анасын зорлаушыдан құтқармақ болған алты жасар бала қаза болды

Оңтүстік Африка республикасында жантүшігерлік оқиға болды. Алты жасар балақай анасын зорлаушыдан құтқарамын деп көз жұмды. Бұл туралы newtimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

The Independent басылымының мәліметіне сәйкес, Сегомоцо Гэрсейп (Segomotso Garesape) сегіз жасар ұлы Табисо (Thabiso) мен алты жасар ұлы Кутльваноны (Kutlwano) мектепке алып бара жатқан. Жолай оларға ер адам шүйлігіп, ақша сұрай бастайды. Түк бермейтінін түсінген ер адам әйелді жерге құлатып, зорламақ болады. Кіші ұлы айқайға салып, ер адамды аяғымен тебуге кіріседі.

Бұған ашуланған қылмыскер балақайға тап беріп, оны тұншықтыра бастаған. Сол арада үлкен ұлын жетектеген әйел жолға шығып көмекке шақырады. Алайда куәгерлер көліктерін тоқтатпай, өте берген. Қайтадан баласына жанұшырып жүгірген әйел ұлын тұншықтырып жатқан ер адамды тоқтата алмайды. Қаскөй бөтелкенің сынығымен баланың тамағын тіліп жіберген.

Полиция 32 жастағы қылмыскерді құрықтады. Ал жергілікті тұрғындар оған ең ауыр жаза беруін талап етіп, пикетке шықты.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227894-afrikada-anasyn-zorlaushydan-qutqarm.html