RU

Продюсер Құран сүресі жазылған қағаздың кір жуу машинасынан құп-құрғақ шыққанына таң қалды (фото)

Танымал продюсер Серік Аббас-шах жууға берген киімінің қалтасында қалып қойған Құран сүресі еш бүлінбегенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, жаттап алу мақсатында Фатиха сүресі жазылған қағазды жанынан тастамағанына алты-жеті жылдың жүзі болған. Сондықтан ол қағаз үнемі продюсердің жанында жүретін көрінеді. Киімін жууға берген Аббас-шах оның қалтасында қағаздары қалып қойғанын киім жуылып болған соң бір-ақ біледі. Дәлірек айтсақ, оның жұбайы көріп, жұмыста жүрген продюсерге хабарласады. Бұл туралы продюсер өзінің Facebook желісіндегі парақшасында былай деп жазады:

«Кеше кешке зат көтеріп жүріп, сүйікті шортигімді былғап алдым. Киім ауыстырып, әлгіні жууға берер алдында (келіншегімнің көзінше) қалтамды ақтарып жатырмын ғой. Құжат, кілт, қағаз дегендей... "Байлықтың" бәрін басқа қалтама салып, жөніме кеттім.

... ... ...

- Секебай, өзің тексерген соң, шортикті сол қалпымен кіржуғышқа салғанмын.

- Сосын...

- Жуылып болған соң, балконға жайғалы тұрсам, төменгі қалтасынан тағы басқа қағаздар шықты. Байқамай қалғансың ғой. Қалтыңды өзің ақтарған соң, ары қарай қарамаған едім. Кешірші...

- Енді...

- Бір, екі қағазың бүлініпті. Бірақ, Құран жазылған қағазға ештеңе болмапты. Сол құп-құрғақ қалпында.

- Қалай құрғақ?

...

Қысқасы былай: Алты-жеті жылдай уақыт болды. Фатиxа сүресін жаттаймын деп ниет қылып, оны кішкентай бір қағазға ыңғайлы болсын дер бастырып, құжатың арасына салғанмын. Содан бері, (қайда барсам да) қалтамнан түскен емес. Ара-арасында еске түсіп, (оқып) қайталағанмен, күнделікті дағдыға айналдыра алмай жүргенмін. Енді, міне... Не дерімді білмеймін...

Қағаздың су ішінен құрғақ шыққаны қызық болды. Егер басқа біреудің аузынан шықса, әсіре әңгіме болар деп сенбес едім. Құдайдың құдіреті деп қойдым (ішімнен)... Мүмкін, бұл оның кезекті ескертуі шығар?!», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл құбылысқа таңданыстарын жасырмады. Продюсердің жазбасына бір сағаттың ішінде 700-ге тарта адам лүпіл басып, оны 62 рет бөлісіп үлгерген.

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1227925-belgili-prodyuser-quran-suresi-zhazylgh.html