Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсек қатынасындағы қиындықтарды қалай шешуге болады (+18)

Опубликовано:

Төсек қатынасынан түйткіл шықса, нендей бір кілтипан мазаласа, арнайы мамандар бар. Олар - сексологтар. Осы орайда сексологтар нені емдейтінін alashainasy.kz сайты тізбектеді.

Cұрақтарға арнайы жобаның жетекшісі, интернетте кеңес беретін маман, дәрігер-сексолог Юрий Прокопенко жауап береді.

- Сексолог нені емдейді?

- Төсек қатынасына қатысты мәселенің бәрін емдейміз. Ерлердің жақындасуды қалауы, қозуы, эрекциясы мен шәует бөлуі, әйелдердің оргазмды сезінуін. Сонымен қатар психо-сексуалды жетілу (жыныстық жетілумен шатастырмаңыздар) мәселелерін толық қарастырамыз. Жұптағы төсек қатынасының мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Жыныстық қатынасқа қатыстының бәрі сексологтың қарауылына ілінетін тақырыптар. Бірақ простатит деген сексологияның нысаны емес. Әрине, мұндай дерт төсек қатынасына әсер етеді. Бірақ ондай науқасты қажетті маманына шығарып саламыз.

- Бір өкініштісі, әйелдер осы тақырыптағы көңілдегі түйткілдерін ешқашан ашып айтпайды. Оларға бөтен адаммен осынша жабық тақырыпты қозғау көргенсіздік болып көрінеді. Мұны тек екі адам өзара шешуі тиіс деп те сөгеді. Шынында да солай ма?

- Сексологтарға жиі келетіндер – ер адамдар. Сегіз еркекке екі әйелден келеді. Сондықтан да болар, еркектер төсектен бір кілтипан сезсе, дереу қобалжиды. Оны жасырып тұра алмайды. Бұл туралы өзі, әйелі, әйелінің тілі ұзын болса, енесі, көршісі білетін болады. Ал, әйелдер ашылып сөйлескенді қаламайды. Іштей күйзелісте болады. Ол дерті барын тіпті өзі де сезбеуі мүмкін. Бәрін жасырып жүре береді.

Нәтижесінде мораль тұтқыны болып күн кешетіндер жетіп артылады. Уақтылы дәрігерге қаралғанды білмейді. Дерт меңдеп, асқынып кетсе де төзеді. Әйел оргазм сезбесе де кінә өзімнен деп салпақтап жүре береді. Сосын төсек суиды. Бұл дерт кейде адам өмірін біржолата өзгертіп жібереді. Өзіңізді тыңдай біліңіз, тәніңіздің қалауын біліп жүріңіз. Осында айтылған мәселенің бірі сіздің өміріңізде бар болса, онда өмірді сексологпен бірге жақсартуға бел буыңыз.

Ортақ кінәласу

Дәрігерге барарлық себеп жоқтай көрінеді. Еш жеріңіз ауырмайды. Ештеңеге зауқыңыз соқпайды. Ештеңе сыздамайды. Бірақ төсек қатынасы ләззат сыйламайды. Тоят жоқ. Серігіңіз көңіліңізден шықпайды. Оны айта алмай, іштей мүжілесіз. Оргазм өте сирек болады. Сізге ұнайтын қалыпты таба алмай жүрсіз делік. Бұған дәрігердің не қатысы болуы мүмкін дерсіз? Қатысы бар екен. Осы көңіл толмаушылықтың түп тамырын тек сексолог тауып бере алады. Олардың қабылдауына келген пациенттің 70% мәселесін ышқырын түсірместен шешіп кетеді.

Ауырады, қатты ауырады

Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну сезінсеңіз, сексологқа жетелейтін күрделі түйткіл деп біліңіз. Бұл ауырсынулар жамбас тұстан басталып, жыныс мүшесінің беткі тұсында, я терең фрикциялар (терең ену) кезінде болуы мүмкін. Кейде ауырсыну қатынас басталмай тұрып мазаны алады. Төсек қатынасынан кейін сезілмей қалуы кәдік.

Бірақ содан кейін ұмытып кетуге болады деген сөз емес. Мұндай ауырсынудың көбіне психологиялық астары болады. Себебін ой шырмауынан қарастырады. Ол серігіне деген жек көрушіліктен де болады. Немесе қабыну үдерісі салдарынан ауырсынулар қалыптасады. Оларды дереу емдеу қажет. Ауырсыну сезсеңіз, шыдап жүре бермеңіз, дәрігерге қаралыңыз. Ертерек барсаңыз, емделуіңіз арзанға түседі.

Тұйық адам

Әйелдер арасында екі-үш пайызы осындай болып келеді. Төсек қатынасынан қорқатыны сондай шатының ашылмауы рефлексті түрде жүреді. Қынап бұлшықеттері жиырылып қалады. Мұндай әйелмен қатынасқа түсу мүмкін емес. Тіпті өз сүйіктісі болса да рефлекс осылай қайталанады. Әйел өз ағзасының мұндай әрекетін игере алмайды.

Кейде қатынас тұрмақ, сол туралы ойдың өзінен рефлекс жүзеге аса береді. Мұндай жанға диагнозды сексолог қана қояды. Сирек ауру деп айтуға келмейді. Кез-келген жастағы әйелдердің екі-үш пайызы осындай дертке шалдыққан. Бұл сырқат емделеді, міндетті түрде емдеңіз.

Оргазм жоқ!

«Онда тұрған не бар?» дейтіндер табылар. «Аяқ-қолың жоқ болса, бір сәрі, соны да сөз қылып» деп шала бүлінетіндер аз емес. Оргазмның әйел өмірінің сапасына әсері туралы көп ешкім айта бермейді. Оргазмның тәнге де, жанға да берері бар. Оргазмның жоқтығы қалыпты нәрсе деушілерге сенбеңіз.

Дәрігерлер мұндайды «аноргазмия» дейді. Яғни, оргазм сезінбеу дерті. Оның түр-түрі болады. Әйел мүлде ешқашан сезінбеген болуы ықтимал. Немесе белгілі бір жағдайда ғана сезіне алатындар болады. Мысалы жуынатын бөлменің суық кафелі жон арқасына тигенде ғана. Неше түрлі жағдаяттар кездеседі.

Тағы бір ерекшелік – оргазмның екі түрі болады. Вагиналдық (қынап) және клиторлық (шүртекей) оргазм бар. Әйелдердің 60% клиторлы оргазмды ғана сезіне алады. 40% қынаптық оргазмды сезеді. Оргазмды сирек сезетін әйелдер болады. Кейбірі тек клиторлық оргазм сезінсе, қынаптық оргазмды мүлде сезінбейді екен. Дәрігерге қарала салып, оргазм сезініп кетем деп күтпеңіз.

Қаралған әйелдердің үшеуінің екеуі оргазм сезіне бастайды екен. Алдын ала қорқыныш дендеген әйелдер оргазм сезінбей өтеді. Юрий Прокопенконың айтуынша, осы қорқыныш әйелге көп кедергі келтіреді. Мұндай жағдайларда сексологтар психотерапевт ретінде жұмыс жасайды. Емді интернет арқылы, мысалы скайппен алса да болады. Дегенмен, бірінші рет барып көрінген дұрыс.

Шектен тыс жыныстық қозу

Мұндай жағдайды басынан сирек өткізетін ер адамдар әйелдің гиперсексуалды қалыбын көктің сыйы деп қабылдайды. Басы ауырмайды, сақинасы ұстамайды. Әрдайым, кез-келген жерде дайын тұратын әйелге көңілі толады. Бірақ бір гәп бар. Мұндай әйелдер жұбынан да әркез дайын болуды талап етеді. Үнемі. Ер адамды бұл тез жалықтырады. Және тек ер адамға ғана емес, әйелге де зияны бар. Әйел тек төсек қатынасының тұтқыны болып қалады.

Шектен тыс сексуалды қозу күрделі дерттің бірі. Оны «нимфомандық» немесе «гиперсексуалдылық» деп атап жатады. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Гормонның қалыптан шығуынан бастап, қатерлі психологиялық ақауларға дейін. Мұндай дертті сексологтың көмегінсіз шеше алмайсыз.

Сексуалды қозудың болмауы

Кей әйелдер өмірінде бірде-бір рет сексуалды тұрғыда қозбайды екен. Кейбірі секс тақырыбын тек өзін жетілдіру тұрғысында ғана зерттейді. Мұндай әйелдерді сексологтың пациенттері деп қарастыруға болады. Бір әйелдер болады аяқ астынан ешбір қозуды сезбей кетеді.

Сүйіктісі ыстық құшаққа алғанда да. Көгілдір экраннан эротика көргенде де ештеңе сезбеуі дұрыс емес. Мұның артында психологиялық күйзеліс, яки физиологиялық зорығу тұр деген сөз. Онда сексологқа жұбыңызды ертіп барыңыз. Өйткені, ұйықтап қалған қозу сезімін оятатын сол ғой.

Бір рет келіп бар мәселесін шешіп кететіндер болмайды. Қарапайым деген жағдайдың өзінде кешенді ем жасау жүргізіледі. Кез келген мәселені емдеуге болады. Сексолог секске қатыстының бәрін шешеді. Сонымен қатар адамдардың оған деген қарым-қатынасын да түзеп береді.

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1228179-tosek-qatynasyndaghy-qiyndyqtardy-qa/

pixel