Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттердің жүйкесіне тиетін 10 сұрақ

Опубликовано:

«Қандай туфли кигенім дұрыс – ақты ма, әлде қараны ма? Неге қараны? Бұл ақ көйлегіме үйлеседі, ал қараның өкшесі ыңғайсыз!». Әйелдердің кейбір ер-азаматтардың қытығына тиетін сұрақтары қаншама комедияларда айтылып та, әзілге айналып та жүр.

Бұл туралы NUR.KZ порталы cosmo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен, әйелдер қауымы сүйіктісінің басын әлі де осындай жөнсіз сұрақтармен қатырып әлек. Бұған не айтамыз, әрине әйел затының жаратылысы... Десек те, кейде сүйіктіңе қоймай-ақ қойғаның жөн сұрақтар да болатынын айтқымыз келеді. Мәселен, мына сұрақтарды кімге қойғың келсе де өзің біл, бірақ сүйіктіңе қоя көрме:

1. «Шашымды қалай кестірген дұрыс?»

Шыны керек, сенің сүйіктіңе сенің шашыңның үлгісі сәл өзгергені маңызды емес. Ал оның жауабы сенің көкейіңдегімен дөп түспей қалуы мүмкін. Реніштің көкесі сонда болады.

2. «Не кисем болады? Көйлек пе әлде белдемше мен жейде ме?»

Сен бәрібір өзіңе ұнаған киімді киетініңді біліп тұрсың. Оның жүйкесін осыншама сынаудың қажеті шамалы.

3.  «Менен жаңа ешнәрсені байқап тұрған жоқсың ба?»

Егер сүйікті жігітің жүрек талмасын алып қалмасын десең, бұл сұрақты қоюшы болма. Сенің осы жолы шашыңды қандай түске бояғаныңды немесе қасыңды жұлдырып, бетіңді тазартқаныңды ол біле қоймайтыны анық. Тағы да – жаратылыс!

4. «Егер Анджелина Джолимен кездесу мүмкіндігі туса, не істер едің?»

Өте қауіпті сұрақ. «Жоқ» десе өтірікші атанады. «Иә» десе сенен мәңгілік айрылып қалу қаупі бар.

5. Бет-әлпетіңе, салмағыңа қатысты ешнәрсе ешқашан сұрама!

Сен оны айна немесе таразы арқылы да біле аласың. Бұл да алдыңғы сұрақ секілді аса қауіпті, жан-жағын жайпап жіберуі мүмкін сұрақтың бірі. Оның берген жауабына сенің қанағаттануың екіталай. Ал ол болса, не жауап беруім керек деп қатты ойланып, мазасы кетеді.

6. «Бұрынғы сүйіктіңмен жақсы болып па еді?» 

Бұл сұраққа «Жоқ, жаным, қайдағы бұрынғы қыз», «Мен оны ұмытқалы  қай заман» деген жауап естуге дайын болыңыз. Ал басқа жауап берген жағдайда...  Оған да, саған да оңай тимесі анық!

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1228320-zhigitke-qoyudynh-qazheti-zhoq-10-suraq/

pixel