RU

Риодағы Олимпиаданың жабылу салтанаты қалай өтті?

2016 жылдың 22 тамызына қараған түні Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Жел мен жауынға қарамастан, іс-шара өз жалғасын тапты. Бұл туралы cntraveller.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында өтті. Жел мен жаңбырға қарамастан, шоуда ешқандай тосын жағдай болмады.

Рио эстафетаны Токиоға табыстады. Онда 2020 жылы кезекті Олимпиада ойындары өтетін болады. Рио мэрі Эдуардо Паэс Олимпиада жалауын Токио губернаторы Юрико Коикэге берді.

Іс-шара соңында Олимпиада алауы салтанатты түрде сөндірілді. Риодағы Олимпиада кезінде 28 спорт түрінен 306 жиынтық марапат табысталды.

Бірінші орынды АҚШ командасы иеленді (46 алтын, 37 күміс және 38 қола медаль), екінші орында – Ұлыбритания  (27 алтын, 23 күміс және 17 қола медаль), үшінші орын қытайлық спортшыларға бұйырды (26 алтын, 18 күміс, 26 қола медаль).

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228349-rio-de-zhaneyrodaghy-olimpiadanynh-zhaby.html