RU

Ресейліктер көше атауларын өз тіліне ауыстырған тәжіктерге көз алартты

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Душанбедегі Совет Одағы заманынан бері келе жатқан көшелер мен даңғылдар атауының өзгертілуіне алаңдаушылық білдірді.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтары хабарлайды.

Мекеменің ресми өкілі Мария Захарова баспасөз мәслихаты кезінде бұрынырақта бұл көшенің атаулары Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, совет ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің атымен аталғанын айтты.

«Танымал тарихшылар, ардагерлер, студенттер көшелердің бұрынғы атауын сақтап қалуы жөнінде сұрағанын білемін. Сол үшін де билік танымал тұлғалар мен ардагерлердің сөздеріне құлақ асады деген үміттемін», - деді Захарова.

Тәжікстанның Тіл және терминология комитеті басқармасының басшысы Абдурахими Зулфониён Озоди радиосына берген сұхбатында Ресей СІМ өкілінің мәлімдемесі негізсіз деді. Ол «көше аттарын өзгерту заңға сәйкес жүзеге асып жатыр. Мұның ұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Керісінше тәжік халқының ұлттық құндылығын қалпына келтіріп жатырмыз»,-деді.

Тәжікстанда соңғы он бес жылдан бері көше, аудан, қала, тіптен облыс аттары өзгертіліп келеді. Осы уақытқа дейін, мысалы Ленинабад облысы Соғды облысы, Наув ауданы Спитамен, Куйбышев ауданы Абдурахмони Джоми болып өзгертілген. Соңғы уақытта Чкаловск қаласы Гулистон деп ауыстырылған.

Мұндай үдеріс ел астанасында да орын алып жатыр. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Войкова көшесі Рухафзо, Чайковский көшесі Наджмиддин Абдуллоев, Панфилов көшесі Бобо Джобиров, Мир көшесі Чаманзор болып өзгерген.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

Ақтауда алты жастағы қызды ұрлап, кейін зорлап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228364-reseylikter-koshe-ataularyn-oz-tiline.html