RU

Ерасыл Әубәкіровтің анасы: Аян Мейірбаевты жібере салды, енді ешкімге сенбеймін

Астанада медакадемия студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтуде. Отырысқа Ерасылдың анасы мен әпкесін кіргізбей қойған. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Келіссек те, келіспесек те олар бәрін өздері шешіп қойған. Менің ұлым кінәлі емес. Аянды (Мейірбаев - NT ескертпесі) жібере салғаннан кейін мен ешкімге сенбейтін болдым. Бастапқыда төртеуін құрықтағанында менде үміт бар еді, ал енді Аянды жібере салды. Тірі жанға сенуден қалдым", - деп күйінді Ерасылдың анасы.

Әйел ұлы туралы қаңқу сөздер таратқандарға жауап берді.

"Менің ұлымның еш жазығы жоқ. Оны жақсы білемін. Ол кей адамдар айтып жүргендей жан емес. Түрлі нәрсе айтуда. Маған ұлымның қазасы өте ауыр тиді. Жазықсыз өлтіре салды. Ұлым нағыз патриот, нағыз ер азамат болғанын қашан да мақтан тұтамын. Аянның ата-анасы жоқ, менімен байланысқа шыққан емес. Соттың ашық болғанынан да еш қайыр жоқ. Енді ешкімге сенбеймін", - дейді Ерасылдың анасы Кенжегүл Әубәкірова.

Кенжегүл енді тек Жаратушыға сенетінін алға тартты.

"Менің айтарға сөзім жоқ. Тек бір Жаратушыға сенемін. Ол - барлық жайттың куәсі. Бізді (сотқа - NT ескертпесі) жібермей қойса, жасырғандары бар деп ойлаймын", - деп көзіне жас алды әйел.

Еске салсақ, 4 ақпан күні Ерасыл Әубәкіров хабарсыз кетіп, кейін 10 ақпанда полицейлер оның мәйітін тапқан болатын. Қылмысқа күдікті ретінде төрт адам құрықталған еді: Тихоненко, Шерстенев, Әжімбай және Мейірбаев. Кейін Мейірбаевты күдіктілер қатарынан алып тастаған.

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228422-erasyl-aubakirovtinh-anasy-ayan-meyirb.html