RU

Малайзияда исламға тіл тигізген әншіні түрмеге қамап тастады

Малайзия полициясы белгілі әнші Уи Мэн Чиді Ислам дініне құрметтемеді деген бейне клипке байланысты шағымдардан соң қамады деп жазады Азаттық.

Малайзия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Нэймуи" деген атпен белгілі әнші 21 тамыз күні Куала Лумпур халықаралық әуежайында ұсталған.

Шілде айында шыққан «О, Құдайым-ау» әнінің бейнебаянында Нэймуи мен басқа да әншілер буддистер мен таоистер храмдарының алдында, шіркеу ішінде және мешіт сыртында билеп, ән салғаны көрсетілген.

Бірнеше топ полицияға бейнебаянды исламға қорлайды деп шағымданған. Бірақ Нэймуи әні діндер үйлесімділігін насихаттауды мақсат тұтатынын айтады.

Өткен демалыста Youtube желісіне кадрда мешіті бар жерлері кесілген видео қайта жүктелді.

Мандарин тілінде ән айтатын Нэймуттың даулы есімі бірінші рет 2007 жылы шыққан. Ол кезде әнші Малайзия ән-ұранының сөздеріне ұқсайтын мәтінді рэп жанрында орындап, БАҚ-тың назарына ұшыраған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228461-malayziyada-islamgha-til-tigizgen-anshi.html