RU

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

Шымкентте қымбат BMW автокөлігімен жол бойында жылу құбырларының жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды қағып кетіп, бір адамның қазасына кінəлі күдікті Исмаил Сүлейменге халықаралық іздеу салынбақ.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 13 тамызы күні Шымкентте жан түршігерлік көлік апаты орын алған болатын. Салдарынан қымбат көлік тізгіндеген жас жігіт жол бойында жылу құбырларын жөндеп жатқан төрт қызметкерді қағып кетеді. Бір жұмысшы оқиға орнында жан тəсілім етті. Қалған үшеуі ауруханаға түсті.

Ал "кабриолет" спорттық автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші жол апаты орын алған жерден бой тасалап кеткен болатын. Жол апатынан соң жүргізушінің қасында болған өзге үш жолаушыдан ( жүргізушінің достары) полицейлер жауап алып үлгерген. Айтуларынша, оқиға алған күні олар да түнгі клубтан ішімдік ішіп шыққан. Одан шыға сала таңғы алтылар шамасында қатты жылдамдықпен көлікті тізгіндеген жүргізуші тоқтап үлгермей, жол апатын жасады.

Шымкентке қарасты əл-Фараби аудандық соты жол апатына қатысы бар күдікті Исмаил Сүлейменге сырттай сот санкциясын шығарып қойды. Алайда көлік жүргізушісінің қайда екені əлі күнге дейін беймəлім. Полицейлердің болжамы бойынша көлік тізгіндеген азамат Қазақстан территориясында болмауы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева: Біз орыс тілін жоғалтпауымыз керек, бұл қисынсыз

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Өзімен өзі сөйлейтін адамның ақыл-есі ауытқыған ба?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228559-shymkentte-bmw-koligimen-tort-adamdy-qaqq.html