RU

Өзімен өзі сөйлейтін адамның ақыл-есі ауытқыған ба?

Жақындарыңыздың, әйеліңіздің (немесе күйеуіңіздің) өзіне өзі сөйлеп жүргенін көрген боларсыз? Ғалымдар адамдардың неліктен өзіне өзі сөйлейтінін анықтады деп жазады Асыл сөз.

Өз-өзіне сөйлеу нені білдіреді? Кейбіреулер өздігінен сөйлеп жүрген адамды көрсе «мынаған не болған» деп ойлайды. Сол дұрыс па?

Негізінен, әлемнің барлық данышпандары осындай әдетке ие. Поэзия мен әдебиет – біреудің ішкі монологы.

Өз-өзіне, көбінесе әйелдер сөйлеп жүреді. Мысалы, бірнәрсе істеп жатқанда шаруалары тым көбейіп кетсе өздеріне: «мына тірлікті істеймін, содан соң анау, содан соң кір жуамын» деп істеуі керек нәрселерін ретке келтіріп алады. Ол әйелдердің ойын жинақтап, жұмыстарын тез аяқтауына көмектеседі. Өз-өзіне бұйрық бере отырып жұмысын жылдам әрі тиянақты орындайды.

Психологтар өз-өзіне сөйлеу пайдалы екендігін айтады. Ол ешқандай да ақыл-естің ауытқуының нышаны емес дейді. Керісінше, адам өз-өзіне сөйлеп жан-жаққа шашыраған ойларын жинақтайды, өзін-өзі тыныштандырады, эмоцияларын ретке келтіреді.

Сондықтан, адамдар өзімен өзі сөйлеп жүрсе, оған таңырқай қарамаңыз немесе «саған не болды?» деп шошымаңыз. Себебі олар дауыстап ойланады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Қазақстан Рио Олимпиадасында 17 медаль жеңіп алды

Өзбекстан боксшылары үш алтын алып, Қазақстаннан озып кетті

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228587-adamnynh-ozimen-ozi-soyleuinde-qanday.html