RU

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Рио Олимпиадасында Мұхаммед Əлидің əдісімен өнер көрсетіп, жұртшылықты таң қалдырған шымкенттік боксшы Қайрат Ералиевтің жеңілісі еліміздің Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының да жанына қатты батқан.

Тіпті 1/8 финалдағы кездесуін тамашалаған министр өзегі өкініштен өртенгенін де жасырмайды. Бұл туралы Мұхамедиұлы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында аймақтағы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

"Қайрат Ералиевке қатысты айтар болсам, шыны керек, өте өкінішті. Өзбек жігітімен шықты ғой. Жеңілісіне ішің күйеді... Жалпы Ералиев мінсіз. Кейбіреулер секілді агрессивті емес, əртістік əдісі басым. Əрине, оның жеңіліске тап болғаны, өкінішті-ақ",-деді министр. Одан өзге Мұхамедиұлы боксшы Олжас Сəттібаевтың да жеңілісі əділетсіз болғанын ашып айтты.

"Олжас Сəттібаев деген бар, ол да жеңіп тұрды. Өкінішке орай жеңілді. Ал Əлімханұлы өзі кінəлі. Біржан Жақыпов та өзі кінəлі. Ондай мүмкіншілік енді қайдан болады?"-деп пікірін білдірген министр Рио Олимпиадасында əділетсіздік орын алды дейтіндерге қатысты кеңесін де беріп өтті.

" Білесіздер ме, негізі заңдылық бар. Жеңгеніңді көру үшін соңына дейін жүру керек. Мейлі ол спорт болсын, өнер немесе өмір болсын. Тек қана бір жолы бар, жеңіске жету үшін басымдықпен жеңу керек. Мəселен, Елеусінов сияқты. Кездесуге жарақатпен шықса да бір де соққы жіберген жоқ. Солай жеңу керек",- деп ойын түйді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, шымкенттік боксшы Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасында əзірбайжандық боксшымен кездесу барысында танымал боксшы Мұхаммед Əлидің жұдырықтасу əдісін қолданып, көрермендерді таң қалдырған болатын. Алайда 15 тамызда Ералиев өзбекстандық былғары қолғап шеберіне есе жіберіп, ұтылып қалды.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева: Біз орыс тілін жоғалтпауымыз керек, бұл қисынсыз

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Өзімен өзі сөйлейтін адамның ақыл-есі ауытқыған ба?

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228628-madeniet-ministri-qay-boksshynynh-zhenhi.html