RU

Үндістандық шенеуніктің Обамамен кездесуге киген костюмі қымбатқа сатылып кетті

Бәссаудада сатылған үндістандық премьер-министр Нарендра Модидің монограммамен безендірілген костюмі Гиннесс рекордтар кітабында тарихтағы ең заманауи костюм болып танылды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Солтүстік-үндістандық үлгі дәстүрімен тігілген бұл костюмді Үндістан  премьері өткен жылы АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуде бір рет қана киген. Былтыр ақпандағы кездесуден кейін Моди оны қайырымдылық аукционына қойды.

Одан түскен қаржы үндістер үшін киелі саналатын Ганга өзенін тазалау бағдарламасын іске асыратын қорға жіберілді.

Үндістандық белгілі тігінші Ахмедабад тіккен костюм шамамен миллион рупийге бағаланған, ол 43 млн рупийге сатылды. Оны бриллиант сататын компания иесі Лалджибхаи Патель сатып алды.

Ол бұл бірегей костюм тарих қойнауына кіруі үшін, Гиннестің рекордтар кітабына жүгінген. Бірнеше айдан кейін оған рекорд деп тану туралы ресми сертификат берілді.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева: Біз орыс тілін жоғалтпауымыз керек, бұл қисынсыз

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Өзімен өзі сөйлейтін адамның ақыл-есі ауытқыған ба?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228696-undistandyq-sheneuniktinh-obamamen-ke.html