RU

Астанада жігітімен бірге жоғалып кеткен қыз анасына өзін мазаламауды өтінді

Жақсы аудандық Ішкі істер басқармасына осы жылғы 17 тамызда Жақсы ауылының тұрғыны 22 жастағы Мақпал Жолдыбаеваның жоғалып кеткені жайлы шағым түсті деп хабарлайды Қазақпарат.

Анасының айтуынша, ол 2016 жылғы 16 тамызда сағат 19.40-та үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Полицейлер бойжеткеннің 2010 жылдан бастап білім алған Астана қаласында тұратынын, кейіннен Астанада жұмыс істеуге қалғанын анықтады. 15 тамызда анасы қызын ауылға алып келген. Бір тәуліктен кейін бойжеткен жоғалып кетеді, ол үйінде ұялы телефоны мен жеке басын куәландыратын құжатын да қалдырып кеткен.

Іздеу барысында жедел қызметкерлер Жолдыбаеваның достарынан Мақпал үйден шығарда оған таныс жігіті хабарласқанын айтты, жігіт оны Астанаға шақырған, ол келуге уәде берген.

18 тамызда Мақпал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен достары мен туыстарына Астанада екенін, үйіне қайтқысы келмейтінін айтқан, әрі ол ата-анасына өзі үшін алаңдамауын, Астанада өз бетінше өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған.

Қазір Жолдыбаеваны іздеу жалғасуда. Ақмола облысы, Астана қаласы және көрші облыстар ІІД жеке құрамдары тартылды.

Тағы оқыңыздар:

Дариға Назарбаева: Біз орыс тілін жоғалтпауымыз керек, бұл қисынсыз

Назарбаевтан үй сұраған он балалы отбасыға баспана берілмейтін болды

АІВА президенті Левит пен Тищенко жекпе-жегін қайтадан көріп шықты

Қызылордада қирандының астында қалудан қорыққан балақай шенділерге жанайқайын айтты (фото, видео)

Шымкентте қыздардың ұятсыздығын тыюды көздейтін тұңғыш медресе ашылды

Өзімен өзі сөйлейтін адамның ақыл-есі ауытқыған ба?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228700-astanada-zhigitimen-birge-zhoghalyp-ket.html