RU

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

Маңғыстаудан Астанаға жете алмай, жол апатына түскен спортшылардың бірі өлім аузында жатыр. Он төрт жастағы жасөспірім төрт күннен бері әлі есін жиған жоқ.

Қатты соққыдан 13 жастағы жеткіншек пен көлік жүргізушісі де қайтыс болды деп хабарлайды 31 арна.

Жетібай ауылының спортшылары дзюдодан облыс намысын қорғау үшін Астанаға алты адам болып барулары керек болған. Көлікте бір бапкер мен бес спортшы отырған. 13 жастағы спортшы мен жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Дәл сол күні Қарақия аудандық спорт бөлімі оларды тасымалдайтын арнайы автобус бөлмей, спортшылар теміржол вокзалына таксимен кеткен дейді ата-аналар.

"Неге сопровождение болмады, балаларды ауылдың таксиімен неге тасиды? Неге соның бәрі қадағаламайды басшылары?" - дейді ата-аналар.

Қарақия ауданы бойынша 900 спортшыға 20 орындық тек бір ғана микроавтобус бөлінген. Ал, бір күнде кем дегенде екі-үш команда жарысқа қатысу үшін жолға шығады екен. Оқиға болатын күні жалғыз микроавтобус босамай, басқа ауылдың спортшыларына беріліпті.

Үш спортшы мен жаттықтырушы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайлары тұрақты екен. Ал 14 жастағы тағы бір жеткіншек әлі ес-түссіз өте ауыр халде жатыр дейді, - дәрігерлер.

Дзюдошылардың жағдайын бақылауға алу үшін тіпті Астанадан арнайы дәрігерлер шақыртылған.

"Астаналық дәрігерлер көрді. Жағдайы өте ауыр. 3-дәрежелі комда жатыр. Бас сүйегі сынған, миы қозғалған", - дейді балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Ешімова.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді Қарақия аудандық спорт бөлімінің басшысы мен спорт мектебінің директоры қызметтерінен кетуі мүмкін. Қазір олардан жауап алынып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228880-manhghystau-oblysynda-zharysqa-attangha.html