RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің фотороботы жасалды

Ақтау полициясы алты жасар қыз баланы зорлаған күдіктінің фотороботын құрды. Қылмыскер ақ немесе сүт сияқты түстегі Daewoo Nexia көлігін басқарып жүрген. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"20 тамыз күні шамамен сағат түскі 12-13:30-да бірнші ықшамауданның №29 үйінің алдынан азиаттық бет-әлпеттегі ер адам алты жастағы қыз баланы "Приморский" ауылына қарай алып кеткен. Баланы зорлағаннан кейін оны бұталар арасына тастай салған. Ақтау тұрғындарынан осы уақытта көлігімен жағажайдан өткен болса, ерінбей көліктегі бейнетіркеуіштерін бір қарап шығуды сұраймыз. Қандайда бір ақпарат бере алсаңыз, бізге хабарласыңыз. Аты-жөніңіз құпия сақталатынына кепілдік береміз. Күдіктінің сипаттамасы: ер адам шамамен 35-45 жаста, мұрты бар болуы мүмкін", - дейді Ақтау ІІБ басшысының орынбасары Асхат Омаров.

Қандай да бір ақпараттарыңыз болса, бірден келесі нөмірлерге хабарласа аласыз: 47-48-10, 47-48-11, 47-48-52, 47-48-29, 47-48-26, 47-48-02.

Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген.

Тағы да оқыңыздар:

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Ерасыл Әубәкіровтің анасы: Аян Мейірбаевты жібере салды, енді ешкімге сенбеймін

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228888-aqtauda-alty-zhasar-qyzdy-zorlaghan-kud.html