RU

Мәсімовтің жиналысында іші пысқан министрлер Instagram-ның қызығына батты (фото)

Қазақстанның қос министрі Қанат Бозымбаев пен Арыстанбек Мұхамедиұлының Түркістанда өткен жиында іштері пысқаны соншалық, смартфон шұқылап, уақыт өткізуге мәжбүр болды. Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, вице-премьер Дариға Назарбаева және бірқатар министрлер Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іссапармен келді. Сапар барысында астаналық қонақтар Шымкент пен Түркістан қалаларында болды.

Түркістанда білім саласына қатысты ауқымды жиын өтіп, бірқатар мәселелер көтерілді. Алайда жиын еліміздің Мәдениет пен спорт және де Энергетика министрлері үшін түк қызықсыз өткен сияқты.

Себебі қос министр жиын бойына қолдарыңдағы смартфондарынан көз жазбай, Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілер мен ғаламтор жаңалықтарын аңдумен болды.

Тіпті мінберге шығып сөз сөйлеп, жиында қойылған сұрақтарға жауап берген әріптестері, Білім министрі Ерлан Сағадиевтің де сөзіне зер сала қойды деу екіталай. Қос министр білім саласының өздеріне түк қатысы жоқ деген болу керек, әйтеуір жиыннан гөрі смартфон қызығына кіріп кетті.

Еске сала кетейік, елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнында смартфон мен планшет пайдалануына заңмен тыйым салған болатын. Қызмет орнында смартфон қолдануға тек жергілікті полицияның ғана құқығы бар. Алайда, аталған заңды министрлердің өзі орындамай отыр.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстау облысында жарысқа аттанған 13 спортшы жол апатына ұшырады

40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

Мәдениет министрі қай боксшының жеңілісі жанына қатты батқанын айтты

Шымкентте BMW көлігімен төрт адамды қаққан жас жігіт елден қашып кеткен (фото)

ҰҚК адамдар көп жиналатын жерлерде бірнеше теракт жасамақ болғандарды ұстады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1228889-masimovtinh-zhinalysynda-ishi-pysqan-mi.html